Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Армения мен Қырғызстанда бюджет баршылығы (тиісінше 1,4 есе және 7,8 есе) өсті. Қазақстанда бюджет тапшылығы 2,8 есе өсті. Ресейде бюджеттің баршылығы тапшылықпен ауыстырылды.
2023 жылғы 1 қазандағы жай-күй бойынша ұлттық валютада көрсетілген мемлекеттік борыш Арменияда 10,5%, Қазақстанда 22,2%, Қырғызстанда 26,9%, Ресейде 30,8% өсті. Армения мен Қырғызстанның мемлекеттік борышының құрылымында сыртқы борыш, Қазақстан мен Ресейде ішкі борыш басым болды.
Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі «Қаржылық статистика» бөлімінде берілген.