Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 9 шешімімен Руслан Валентинович Давыдов Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі болып тағайындалды.
Оның бай дипломатиялық тәжірибесі бар. 2008 жылдан бастап кеден органдарында еңбек етті, 10 жылдан астам Федералдық кеден қызметі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары болды. 2023 жылғы ақпаннан бастап 2024 жылғы мамыр айына дейінгі аралықта Ресей ФКҚ басшысының міндетін уақытша атқарды.
Дүниежүзілік кеден ұйымында (ДКҰ) Ресей Федерациясының мүддесін білдірді. 2014-2016 жылдары ДКҰ Кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің басшысы, 2016-2017 жылдары ДКҰ Кеңесінің төрағасы, 2017-2019 жылдары ДКҰ Кеңесінің вице-төрағасы болды.