Жаңалықтар

19.08.2022

ЕАЭО елдерінің аккредиттеу жөніндегі органдары өзара салыстырмалы бағалау жүргізуді 2023 жылдан бастайды

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі қолданылатын рәсімдердің тең мағыналылығына қол жеткізу және аккредиттеу мен сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстардың нәтижесіне деген сенімді арттыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің аккредиттеу жөніндегі органдарының өзара салыстырмалы бағалау жүргізу тәртібін бекітті. 

Өзара салыстырмалы бағалау аккредиттеу жөніндегі кез келген органға қатысты төрт жылда бір рет жүргізіледі және өзіне мыналарды кірістіреді:

- ЕАЭО елдерінде қолданылатын аккредиттеу рәсімдеріне талдау жүргізу,

- аккредиттеу жөніндегі органның олар аккредиттеген сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың (сертификаттау жөніндегі органдардың, сынау зертханаларының (орталықтарының), инспекциялау органдарының) бағалау рәсімдерін жүргізуін байқау,

- жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша қорытынды есеп пен ұсынымдар дайындау. 

«Аккредиттеу — бұл өнімдерді нарыққа жіберуді жүзеге асыратын сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың құзыретін қолдап тұратын сала. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өнім айналысы саласындағы аккредиттеу субъектілері жұмыс істейтін сенім жағдайларын көп ретте сол айқындайды», —деп атап өтті ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко. 

Виктор Назаренконың сөзінше, Еуразиялық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарының бірқатар іс-шарасын іске асыру үшін қажетті базалық құжаттардың бірі бола отырып, тәртіп 2023 жылдан бастап-ақ аккредиттеу жөніндегі органдардың өзара салыстырмалы бағалау жүргізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.