Жаңалықтар

16.06.2022 (Обновлено: 28.06.2022 16:15)

Салымдарды сақтандыру жүйесін жақындастыру — ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығына барар жолдағы кезекті қадам

Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақ елдері салымдарды сақтандыру саласында заңнаманы үндестірудің бірқатар мәселелері бойынша сарапшылық деңгейде уағдаласты және бірқатар тиісті ұсынымдар дайындады.
  Бұл туралы ЕЭК өкілдері 8-9 маусымда Қазанда (Ресей) өткен «Салымдарды сақтандыру жүйелерін және банктілердің дәрменсіздігін реттеу режимдерін үндестіру: Сын-қатерлер және озат практика» халықаралық конференциясы шеңберінде, сондай-ақ Комиссия жанындағы Салымдарды сақтандыру жөніндегі сарапшылық топтың отырысында хабарлады.


Атап айтқанда, Сарапшылық топ шеңберінде төлемдердің басталу мерзімі, сақтандыру өтемінің мөлшері, салым валютасында өтем төлеу, сақтандыруды қорғауды ұзарту механизмдері және басқалар бойынша 13 сарапшылық қорытынды әзірленді.

Банктік салымдарды сақтандыру жөніндегі ұйымдардың, 13 елдің ұлттық/орталық банктерінің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың және салымдарды сақтандырушылардың өңірлік бірлестіктерінің 100-ге жуық өкілі ресейлік «Салымдарды сақтандыру агенттігі» мемлекеттік корпорациясы ЕЭК-пен бірлесіп ұйымдастырған іс-шараның қатысушысы болды.

Конференцияда салымдарды сақтандыру саласындағы түйінді мәселелер, соның ішінде депозиттерге кепілдік беру қорының нысаналы мөлшері, салымдарды сақтандыру жүйесіне қатысушы банктердің жарналарды төлеуді азайту немесе тоқтата тұру мүмкіндігі және салымдарды сақтандыру жөніндегі ұйымдарды қаржылық қолдау механизмдері талқыланды.

текст Анықтама
Салымдарды сақтандыру жөніндегі сарапшылық топ ЕЭК Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитетінің шешімі бойынша 2019 жылы құрылды. Топ жұмысының негізгі мақсаттары ЕАЭО елдерінің ұлттық заңнамасын, сондай-ақ салымдарды сақтандыру, банктерді тарату, қаржылық сауықтыру және банкроттық саласындағы үздік халықаралық практиканы талдау, салымдарды сақтандырушылар мен орталық банктер арасында ақпарат алмасу, Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитеттің қарауы үшін заңнаманы үндестіру бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады.