Жаңалықтар

17.06.2022 (Обновлено: 29.06.2022 12:08)

Сергей Глазьев «Африка континентін жаңа қаржылық-экономикалық архитектура құруда ЕАЭО-мен ынтымақтасуға шақырамын»

Петербург халықаралық экономикалық форумы шеңберінде 16 маусымда болып өткен «Ресей-Африка» бизнес-диалогы барысында ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев Еуразиялық экономикалық комиссия Африкамен, осы континенттің өңірлік және субөңірлік бірлестіктерімен ынтымақтастықты Одақтың халықаралық қызметінің бірінші кезекте іскер топтардың қатысуымен жандандыру қажет маңызды әрі басымдықты бағыты деп қарайтынын мәлімдеді.

«Бізде өзара іс-қимыл үшін үлкен мүмкіндіктер бар екені белгілі. Бүгінде ынтымақтастықтың неғұрлым қарқынды, барынша қанық болуы және біздің экономикаларымыздың жақындасуы үшін объективті жағдайлар жасайтын жалпы проблемалар да айтарлықтай өткір тұр. Ең алдымен, бизнес тілімен айтатын болсақ, бізде «кредиттік тарих» өте жақсы. Мүмкін, бізде тауар айналымының көлемі әлі де аз шығар, бірақ біздің қарым-қатынасымыз қандай да бір қақтығыстарға байланысты емес. Біз африкалық әріптестерімізбен оңай тіл таба аламыз және бұл өзара сенім бүгінде қымбат тұрады», — деп атап өтті Сергей Глазьев. 

Министрдің пікірінше, бұл бағыттағы маңызды міндеттер экономикалық байланыстарды нығайту және бәсекелестік артықшылықтарын ашу үшін жағдай жасау болып табылады. «ЕАЭО-ның Азиялық және Африкалық әріптестерімен бірге биржалық тауарлар өндірісі бойынша әлемде үстемдік ететіндігін ескере отырып, Комиссияның осы өңірлердің қатысуымен ортақ биржалық кеңістік құру жөніндегі жұмысы Батыс елдерімен сауда-экономикалық алмасу жағдайларын теңестіруге, оларды халықаралық құқық, егемендікті, әділдікті, өзара пайдалылықты құрметтеу негізінде жаңа әлемдік шаруашылық салтын қалыптастыруға әділетті бағыттауға ықпал етер еді», — деп мәлімдеді ЕЭК өкілі.

Сергей Глазьев сондай-ақ Африкалық әріптестермен өзара іс-қимыл сапасын, соның ішінде жаңа валюта-қаржы және сауда-экономикалық архитектурасын құру мәселесін пысықтау бөлігінде ЕАЭО-ның ШЫҰ-мен және АСЕАН-мен диалог деңгейіне дейін көтерген жөн деп атап өтті. Бұл тақырып 25-інші Петербург халықаралық экономикалық форумы барысында тиісті пікірсайыстар шеңберінде талқыланды (гиперсілтемелер).

Анықтама

2021 жылы Одақтың Африка елдерімен сыртқы сауда айналымы 21,9% (18,9 млрд долл.дейін), экспорт – 24,0% (5,4 млрд долл.дейін), импорт – 13,7% (3,5 млрд долл.дейін) ұлғайды.

ЕЭК Африка одағымен диалогты 2019 жылғы 24 қазандағы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Африка одағы арасындағы экономикалық ынтымақтастық саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде жүргізеді.

«Ресей-Африка» бизнес-диалогына сондай-ақ РҒА Африка институтының директоры Ирина Абрамова, Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Наталья Бочарова, Мысырдың Сауда және өнеркәсіп министрі Невин Гамея, Зимбабве Өнеркәсіп және сауда министрі Секай Ирене Нзенза, Мемлекеттік Думаның Қиыр Шығысты және Арктиканы дамыту комитетінің мүшесі Николай Новичков, Мали Тау-кен өнеркәсібі, энергетика және су ресурстары министрі Ламин Сейду Траоре, Орталық Африка мемлекеттері Экономикалық қоғамдастығы Комиссиясының президенті Жильберто да Пьедаде Вериссимо, Алжирдың Өнеркәсіп министрі Ахмед Загдар, «УРАЛХИМ» БХК» АҚ бас директоры Дмитрий Коняев, ОАР Премьер-министрі Феликс Молуа, «Газпромбанк» ЖарАҚ бірінші вице-президенті Роман Панов, РӨКО президенті Александр Шохин және басқалар қатысты.