Жаңалықтар

03.06.2024

Сергей Глазьев: «ЕАЭО мен БББЖ-ның бірігуі жаңа әлемдік шаруашылық құрылымының қалыптасуының өзегі болуы ықтимал»

31 мамырда Бейжің қаласындағы Қытай Жэньмин университетінің жанындағы Чонъян қаржылық зерттеулер институтында өткен семинарда ЕЭК Интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев еуразиялық интеграциялық жоба мен Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» бастамасын ұштастыру міндеттеріне жауап беретін экономикалық ынтымақтастықтың маңыздылығы, сондай-ақ Үлкен Еуразия кеңістігіндегі жаңа технологиялық және әлемдік шаруашылық құрылымдарына көшу процестері туралы айтып берді.

«ЕАЭО-да қол жеткізілген интеграция деңгейі, 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған Одақты дамытудың жоғары деңгейде келісілген міндеттерін шешу оны Үлкен Еуразиялық серіктестікті қалыптастыру орталығына қояды», — деді Сергей Глазьев. ЕАЭО-ның БББЖ-мен ұштасуы жаңа әлемдік шаруашылық құрылымының қалыптасуының өзегі болуы мүмкін.

Семинар барысында ЕЭК министрі технологиялық және әлемдік шаруашылық құрылымдарының өзгеруіне байланысты әлемдік экономикадағы құрылымдық өзгерістердің үрдістерін түсіндірді, олардың ҚХР-да және жалпы оңтүстік-шығыс Азияда қалыптасып жатқан әлемдік экономиканың жаңа орталығымен ЕАЭО-ның сауда-экономикалық қатынастарына әсерін көрсетті.

Семинарда қалыптасқан геосаяси жағдайда төлемдер мен есеп айырысулардың қиындығына байланысты саудадағы туындаған кедергілерді жою қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Оларды цифрлық құралдарды пайдалану, мамандандырылған банктер құру, қаржы нарығының ұлттық инфрақұрылымдарын тоғыстыру арқылы еңсеру бойынша ұсыныстар негізделді.

Глазьев ҮЕӘ-ні қалыптастырудың негізгі факторларының бірі еуразия кеңістігіндегі жетекші экономика мен өңірлік интеграциялық құрылымдар, оның ішінде ЕАЭО, ТМД, ШЫҰ және АСЕАН арасындағы диалогты тереңдету болып табылатынын атап өтті. Қазіргі жағдайда халықаралық валюта-қаржы жүйесін реформалау, ақпараттық қауіпсіздік, цифрлық технологияларды енгізу мәселелері бойынша интеграция аралық диалог форматы жаңа әлемдік шаруашылық құрылымын құрудың маңызды құрамдас бөлігіне айналуда.

Доктор Ван Вэнь кейін университет алаңында әлемдік экономиканың болашағы үшін жауапкершілік және жаһандық басқарудың әділ жүйесін құру мәселелерін талқылау туралы айтты. Бұл тақырыптар 16 мамырда Бейжіңде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен жүргізілген келіссөздер барысында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин айтқан идеяларға сәйкес келеді. Атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымы, БРИКС, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және басқа да халықаралық көпжақты платформалар шеңберінде тығыз үйлестіру мен ынтымақтастықты жалғастыру ниеті туралы, сондай-ақ жаһандық басқарудың әділ жүйесін құруға жәрдемдесуде халықаралық рөлді көрсете отырып, негізгі халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша байланыстарды қолдау туралы айтылды.

Семинар жұмысына ҚХР іскерлік және сараптамалық қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.