тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Выберите язык
18.02.2025

Медициналық антисептикалық майлықтар бойынша тәуекел класы төмендетілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы қолданудың ықтимал тәуекеліне байланысты медициналық бұйымдарды сыныптау қағидаларына өзгерістер енгізді. Түзетулерге сәйкес, медицина персоналының қолдарын өңдеуіне, операциялық және инъекциялық өрістерге арналған антисептикалық майлықтар енді 2а тәуекел класына жатқызылады.

Қағидалардың әлі де қолданыстағы редакциясында өз бетінше қолданылған кезде құрамында дәрілік заттар ретінде қарастырылуы мүмкін заттары бар медициналық бұйымдар тәуекелдің үшінші класына жатқызылған. Бұл қағида этил спирті бар майлықтарға да қатысты қолданылды. Бірақ бұл жағдайда этил спирті антисептикалық функцияны ғана жүзеге асыратындықтан, тиісінше медициналық бұйымдарды дәрі-дәрмектермен қолдану кезінде байқалатын тәуекел болмайды.

Сол себепті ЕЭК Алқасы медициналық антисептикалық майлықтар бойынша тәуекел класын төмендету туралы шешім қабылдады. Бұл тәуекелге бағытталған тәсілдемені ескере отырып, осындай өнімдерді өндірушілерге әкімшілік жүктемені азайтуға көмектеседі.

Медициналық бұйымдарды қолданудың ықтимал тәуекеліне қарай сыныптау Одақ қағидалары бойынша медициналық бұйымдарды тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі мен мазмұнына және тіркеуден кейінгі кезеңде қауіпсіздікті қадағалау шараларына әсер етеді. Медициналық бұйымның тәуекел класы неғұрлым жоғары болса, оған қойылатын талаптар соғұрлым жоғары болады.