Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян Бразилия Федеративтік Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Родриго де Лима Баэна Соареспен жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша мәлімдеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері Бразилиямен күн тәртібінің кең мәселелері бойынша белсенді ынтымақтастық жасап келеді. Оның үстіне, бұл елмен қарым-қатынас әртүрлі форматта, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктерді, мысалы, БРИКС-ті қоса, ойдағыдай даму үстінде.
"Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметін одан әрі дамытудың басым міндеті оны халықаралық аренада экономикалық тартылыстың полюсі ретінде жайғастыру болып табылады. Бұл мақсатқа жетуде БРИКС-ке жақындасу маңызды рөл атқарады", – деп атап өтті Гоар Барсегян.
Биыл БРИКС-те төрағалық ету Бразилияға өтті. Гоар Барсегян осы мемлекеттегі әріптестеріне төрағалық етудің жоспарланған іс – шаралары бағдарламасының сәтті орындалуына тілектестігін білдіріп, оған Комиссияның қатысуымен БРИКС және ЕАЭО елдері Өнеркәсіп министрлерінің жұмыс кездесуін өткізу туралы тағы бір тармақ енгізуді ұсынды.
Алдағы уақытта мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өтіп, бұл ЕЭК делегациясы 2024 жылғы тамызда Нижний Новгородта БРИКС елдерінің бейінді министрлерімен кездесу барысында бастаған нысаналы диалогты жалғастыра алар еді. Еске сала өтсек, сол кезде келіссөздерге қатысушылар ЕАЭО мен БРИКС форматтарын жақындастыруға дайын екендіктерін растап, ынтымақтастықтың нақты перспективалары мен өнеркәсіп саласындағы ықтимал уағдаластықтарды белгілеген еді.
Биылғы жылы БРИКС алаңында талқыланатын тақырыптар өнеркәсіптік-технологиялық өзара іс-қимыл және осы салада тәжірибе алмасу, жаңа технологиялар саласындағы бірлескен әзірлемелер, экономиканы цифрландыру жөніндегі ынтымақтастық және т. б. мәселелері болуы мүмкін.
"Нақ осы өнеркәсіп — жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін құзыреттерді шоғырландыратын экономикалық өсудің драйвері. Осыған байланысты БРИКС-пен ынтымақтастықты жалғастыру бастамасы ең алдымен өнеркәсіп саласындағы бірлескен іс-шараларға байланысты. Бразилияның БРИКС-ке төрағалық етуі шеңберінде өнеркәсіптік салаға сүйенуге назар аудару ұсынылады", – деп атап көрсетті Гоар Барсегян.
Тараптар БРИКС және ЕАЭО елдерінің Өнеркәсіп министрлерінің кездесуін дайындауды үйлестіруге келісті.
Келіссөздердің тағы бір маңызды тақырыбы Одақ мемлекеттері мен Комиссияның агроөнеркәсіптік сектордағы, атап айтқанда, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша Бразилиямен ынтымақтастығын дамыту болды.