ЕЭК кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры Сергей Владимиров Еуразиялық экономикалық одақта кедендік реттеуді дамыту перспективаларын ТМД-ның қатысушы мемлекеттерінің Халықаралық экономикалық форумы аясында «ТМД және ЕАЭО елдерінде сыртқы сауда, кедендік әкімшілендіру механизмдерін жетілдіру» сессиясында таныстырды.
Сергей Владимиров секция қатысушыларына электрондық сауда, кедендік транзиттің бірыңғай жүйесін дамыту, оның ішінде навигациялық пломбаларды пайдалану мәселелері бөлігінде Стратегия - 2025 бағдарламасын іске асыру жөніндегі Комиссияның жұмысы туралы ақпарат берді. Ол тауарлардың жекелеген санаттарын (контейнерлер, балық өнімдері, контрейлерлік тасымалдар және т.б.) кедендік шекара арқылы өткізуді жеңілдетуге бағытталған ЕАЭО-ның Кеден кодексіне енгізілген түзетулерге байланысты жұмысты егжей-тегжейлі атап өтті, сондай-ақ уәкілетті экономикалық операторлар институтының даму жоспарларымен бөлісті.
ЕЭК кеден департаментінің басшысы 2030-Декларацияны іске асыру аясында кедендік реттеуді одан әрі жетілдіру перспективаларына баса назар аударды.
Трансевразиялық дәліздер бағыты бойынша жіксіз тасымалдарды құру және СЭҚ қатысушыларына әкімшілік жүктемені азайту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел аясында Сергей Владимиров Одақта кедендік транзиттің бірыңғай жүйесін (КТБЖ) құру және дамыту, навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, тауарларды тасымалдауды қадағалау тетігін әзірлеу, транзит кезінде қамтамасыз етуді қолдану ерекшеліктері туралы келісімді іске асыру, сондай-ақ Одақтың және үшінші елдердің аумағы бойынша тауарларды тасымалдауды жүзеге асыру үшін жағдай жасаудың келесі қадамы – КТБЖ және үшінші тарап туралы келісім жайында айтып берді.
Сергей Владимиров Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың жекелеген санаттарын өткізуді жеңілдетуге бағытталған ЕАЭО-ның Кеден кодексіне маңызды түзетулер енгізу кешені туралы және «тасымалдау» бөлігінде бірқатар нормаларды жетілдіру туралы хабардар етті. Сергей Владимиров аталған түзетулерді іске асыру транзиттік жүк тасымалы көлемін ұлғайтуға, жеткізілім қауіпсіздігі деңгейін арттыруға және саудадағы кедергілерді төмендетуге ықпал ететінін атап өтті.