Жаңалықтар

22.05.2023

ЕЭК Кеңесі Медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы мақұлдады

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі Одақ шеңберінде тіркелуге жатпайтын медициналық бұйымдар тізбесін кеңейтуді көздейтін Еуразиялық экономикалық одақ аясында медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы мақұлдады (Келісімнің 4-бабының 11-тармағы).


Хаттама осы салада нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ұсыныстары бойынша әзірленді.

Құжатта пациенттердің жеке тапсырыстары бойынша тек жеке пайдалануға арналған барлық медициналық бұйымдардың; нақты пациенттің ауыру көрсеткіштері бойынша медициналық көмек көрсету үшін әкелінген медициналық бұйымдардың; экспорт үшін өндірілген; мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрілік препараттардан жинақталған төсемдерден, жинақтардан, жиынтықтардан және дәрі қобдишаларынан тұратын және осы мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған медициналық бұйымдардың тіркелуге жатпайтындығы көзделген.

Хаттама оған қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу үшін жіберілетін болады.