Жаңалықтар

15.07.2022 (Обновлено: 19.07.2022 10:32)

ЕЭК Кеңесі Комиссияның ЕАЭО-ның трансшекаралық цифрлық нарықтарында бәсекелестікті бұзушылықтың жолын кесу жөніндегі құзыретін растау ерекшеліктерін айқындады

15 шілдеде Витебскідегі (Беларусь Республикасы) отырыста ЕЭК Кеңесі Бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесіне цифрлық нарықтарда бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу ерекшеліктерін айқындау, сондай-ақ Комиссияның осындай нарықтардағы өкілеттіктерін растау бөлігінде өзгерістер енгізді.

ЕАЭО құқығына енгізілген бұл өзгерістер өткен жылғы қазандағы Ресей тарапы бастамасының нәтижесінде болды, оны қарау қорытындылары бойынша ЕЭК Кеңесі тиісті тапсырма берген еді. Ресей тарапы цифрлық нарықтарда қызметін жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің азық-түлік және географиялық шекараларын, көлемі мен үлестерін айқындау ерекшеліктерінің болуына және цифрлық трансшекаралық нарықтарда бәсекелестік қағидаларының бұзылуын қарау жөніндегі ЕЭК өкілеттіктерін растау қажеттігіне Кеңестің назарын аударды.

«Бестік» елдері мен Комиссияның сарапшылары цифрлық және классикалық тауар нарықтарын талдау тәсілдемелерін, монополияға қарсы реттеудің Еуразиялық және әлемдік практикасын қарады және цифрлық нарықтарды талдау классикалық нарықтарды талдаудан айтарлықтай ерекшеленбейді деген қорытындыға келді. ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаққалиев атап өткендей, «әрбір дербес кейсте өзінің, осы нарыққа ғана тән ерекшелігі болуы мүмкін».
Енгізілген өзгерістерге сәйкес ұлтүсті монополияға қарсы реттеушінің құзыретін растау үшін трансшекаралық нарықтарды талдауды енді қорытынды жобасын кейіннен ЕАЭО мемлекеттерінің монополияға қарсы органдарына жібере отырып және қажет болған кезде консультациялар өткізе отырып, өтінішті қарау шеңберінде Комиссия жүргізетін болады. Бұрын мұндай талдау тек тергеп-тексеру кезеңінде жүргізілді.

«Шын мәнінде бұл рәсімдер мемлекеттер үшін біздің құзыреттерімізді айқындауда ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп Арман Шаққалиев өзгерістерге түсіндірме жасады.
Әдістемеге енгізілген өзгерістермен сондай-ақ цифрлық нарықтардың жеке ерекшеліктері – өтеусіз ұсынылатын көрсетілетін қызметтер және желілік әсерлерді талдау бекітілген.

Анықтама

Өтеусіз ұсынылатын көрсетілетін қызметтер нарықтық билікті күшейту үшін цифрлық нарықтарда кеңінен қолданылады және нарықты талдауда мұндай көрсетілетін қызметтерді ескеру қажет. Мысалы, алдын ала орнатылған тегін көрсетілетін қызметтер пакеті бар құрылғыны сатып алу (браузерлер, маркетплейстер). Бұл ретте бәсекелестер функционалы бойынша ұқсас құрылғыны ұсынады, онда ұқсас қосымшалар қосымша төленуі керек. Өтеусіз ұсынылатын көрсетілетін қызметтер тұтынушының таңдауына әсер етеді және нарықты зерттеуде ескерілуі керек.

Желілік әсер — бұл өнімнің бір пайдаланушысының басқаларға, соның ішінде әлеуетті пайдаланушыларға да тигізетін әсері. Нарықты талдау кезіндегі желілік әсерлер нарықтың азық-түлік және географиялық шекараларын анықтауға да, нарыққа кіруге тосқауыл да бола алады. Мысалы, адамдар белгілі бір әлеуметтік желіні неғұрлым көп пайдаланса, ол соғұрлым құнды және танымал болады.