Жаңалықтар

21.02.2022

ЕЭК Кеңесі Одақтың зергерлік саласын дамыту үшін ұсыным қабылдады

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі «Мүше мемлекеттердің өнімдерін үшінші елдердің нарықтарына ілгерілету кезінде зергерлік саласында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің интеграциясын дамыту үшін қосымша жағдайлар жасау туралы» ұсынымды мақұлдады.

Құжатқа сәйкес Еуразиялық зергерлік сарапшылық бюросына ЕАЭО мемлекеттерінің зергерлік өнімінің шетелдік нарықтарға қол жеткізу жағдайларын оңайлату жөнінде сарапшылық ұсыныстар дайындау кезінде зергерлік саласының өніміне қатысты Одақ елдерінде жүзеге асырылатын сарапшылық рәсімдердің салыстырмалы рейтингін қалыптастыру ұсынылады.

«Мұндай жүйелі ақпарат алуға арналған сұратуды біз зергерлік өнімді экспорттаушылардан алдық. Салыстырмалы рейтингтерді жасау біздің елдеріміздің мемлекеттік органдарына зергерлік өнім экспортының қазіргі бар әкімшілік жағдайларына қатысты бизнестің пікірін білуге мүмкіндік беріп қана қоймай, ЕАЭО мемлекеттерінің тиімді құқық шығармашылығы бастамаларын тұжырымдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді»,- деп мәлімдеді ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян.
Анықтама

Еуразиялық зергерлік сарапшылық бюросы 2021 жылы тіркелді. Бюро құрудағы мақсат Одақ мемлекеттерінің зергерлік өнімдерін ілгерілету және үшінші елдердің нарықтарына эскпорттың тиімділігін арттыру арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың зергерлік саласын жаһандық нарықта жайғастыру болып табылады.