Жаңалықтар

17.10.2022 (Обновлено: 25.10.2022 10:43)

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-да доңғалақты көлік құралдарының тұрақты өндірісін қамтамасыз ету үшін шешімдерді ұзартты.

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі үшінші елдер енгізген шектеу шараларының қолданылуы жағдайында доңғалақты көлік құралдарының, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторларының тұрақты өндірісін қамтамасыз етуге бағытталған осы жылдың сәуір және мамыр айларында бұрын қабылданған шешімдер бойынша мерзімдерді ұзартты.

2024 жылғы 1 ақпанға дейін Одақ елдері үкіметтерінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ЕАЭО аумағында көлік құралдарын өндіру мүмкіндігі ұзартылды.

2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін Беларусь Республикасының өндірушілеріне көлік құралдарының жекелеген санаттары бойынша тұрақтылықты бақылаудың электрондық жүйелерімен жабдықтамау, кейіннен осындай көлік үлгілерін мақұлдауды ресімдеу және осындай көлік құралдарын өткізу мүмкіндігі ұзартылды.

 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін 3-ші экологиялық класты тракторларды шығаруға көшу мерзімі ұзартылды.

2024 жылғы 31 қаңтарға дейін ЕАЭО мемлекеттері өндірушілерінің экологиялық класы (0, 1, 2) төмен тракторларды жасау мүмкіндігі ұзартылды .

2024 жылғы 31 қаңтарға дейін экологиялық класы төмендетілген тракторларға қатысты сәйкестік сертификаттарының қолданылу мерзімі ұзартылды, ал 2024 жылғы 31 мамырға дейін осындай тракторларды айналысқа шығару және сату мүмкіндігі ұзартылды.