Жаңалықтар

01.11.2016

ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның Еуразиялық экономикалық одақтың дамуы және онда Қырғызстанның дамуы туралы «Деловая Евразия» талдамалық ресурсына берген: «Еуразиялық интеграция дағдарысты жеңілдетті әрі сыртқы күйзелістерді жойды» атты сұхбаты

ЕЭК Төрағасы: ЕАЭО елдерінде күшті қазіргі заманғы кластерлер құру керек 2016 жылғы тамызда Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуының бір жылдығын атап өтті. Еуразия үшін жаңа альянс қатысушы елдердің экономикаларын біріктіріп, өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға арналып отыр. «Деловая Евразия» Одақтың және онда Қырғызстанның дамуы туралы  Еуразиялық экономикалық комиссияның Төрағасы Тигран Саркисянмен сұхбат құруда.​ ЕЭК Төрағасы: ЕАЭО елдерінде күшті қазіргі заманғы кластерлер құру керек 2016 жылғы тамызда Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуының бір жылдығын атап өтті. Еуразия үшін жаңа альянс қатысушы елдердің экономикаларын біріктіріп, өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға арналып отыр. «Деловая Евразия» Одақтың және онда Қырғызстанның дамуы туралы  Еуразиялық экономикалық комиссияның Төрағасы Тигран Саркисянмен сұхбат құруда. – Тигран Суренович, Сізге кездесуге мүмкіндік жасағаныңыз үшін алғыс айтамыз. Ақпанда Сіз Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы лауазымына кірістіңіз. Еуразиялық экономикалық одақ міне бір жарым жыл жұмыс жасап келеді. Ұзақ мерзім емес, алайда алғашқы қорытындыларын шығаруға болады. Сіздің пікіріңізше, солардың маңыздылары қайсысы? – Ең алдымен айтқым келгені, осы уақыт ішінде Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттермен бірлесе отырып, басты мақсатымыз – халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылату мүдделеріне орай Одаққа мүше мемлекеттер экономикасының тұрақты дамуына жағдайларды қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің барлығын жасады. 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ құрылуымен бір мезгілде қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығы да жұмыс істей бастады. Қазір оған жиынтығында әрбір мүше мемлекеттің ЖІӨ 25 пайызын құрайтын 43 сектор кіріп отыр. Тағы 21 сектордың ырықтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығы шеңберінде олардағы жеткізушілерге еркіндіктің барынша жоғары деңгейі ұсынылып отыр. Өткен жылы ЕАЭО-да ортақ еңбек нарығы жұмыс істей бастады. Осының арқасында Одақ мемлекеттері тұрғындарының кез келген елде жұмысқа орналасқан кезде тең құқықтары болады әрі сол елдердің резиденттері секілді мөлшерлемемен табыс салығын төлейді. Адамдар Одақтың кез келген елінде әлеуметтік және медициналық қамсыздандыруға құқық алды. Бірыңғай заңнама мамандықтардың басым көпшілігі бойынша дипломдарды өзара тануды қамтамасыз етеді. Бұл жоғары білікті мамандардың жұмылдырылуын анағұрлым жоғарылата түседі. Осы жылы елдер сонымен қатар бірыңғай зейнетақы заңнамасын қабылдауға жақындап қалды. Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартқа қол қойылған соң, ЕАЭО елдерінің азаматтары өздері еңбек еткен Одақтың мемлекетінен өзінің еңбек қызметінің кезеңі үшін зейнетақы алып отыра алады. Біз дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ортақ нарығын іске қосу үшін қажетті, халықаралық талаптарға сай келетін қазіргі заманғы ондаған нормативтік актілерді әзірледік. Осы жылдың соңына қарай олар толық форматта жұмысын бастайды деген үміттеміз. Бұдан өзге, ортақ электр энергетикалық нарықты, мұнай, мұнай өнімдері және газдың ортақ нарықтарын құру жұмысы жүргізіліп жатыр. – 2016 жылы кеңестен кейінгі кеңістік үлкен бірлестік – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылғанына 25 жыл толғандығын атап өтуде. Әрине, ол экономикалық формацияға қарағанда, көбінесе саяси құрылым. Саясаткерлер сол Достастықтың институт ретінде қалыптаса алмағандығын айтуда. Және оның басты себебі – ТМД елдерінің саяси жүйелерінің әртүрлі бағытта дамуында. Сіз қалай ойлайсыз, ЕАЭО да сондай жағдайға тап болуы мүмкін бе? – Мен ТМД-ға мұндай баға бермеген болар едім. Бұл – біріншіден. Екіншіден, Еуразиялық одақ – ең алдымен, Одаққа қатысушы елдердің өзара экономикалық мүдделері негізінде құрылып отырған экономикалық формация. Сондықтан да біз үшін ең алдымен экономикаға қатысты мәселелер талқылау нысанасы болып табылады. Ал мұнда барлығының мүдделері шамамен бірдей – халықтың лайықты өмір деңгейі мен саламатты экономика. Бұл ретте, таза экономикалық мәселелерді шешу үшін де саяси шешімдер керек болатындығын түсіну қажет. Алайда, біз экономиканы саясатпен араластырмауға тиіспіз. Түптеп келгенде, Еуразиялық одақ жарамсыз болып қалатындай мен ешбір алғышарттарды көріп тұрған жоқпын. – Осы жылы Қырғызстан өзінің Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуының бір жылдығын атап өтті. Сочиде өткен мемлекет басшыларының саммитінде біздің елдің даму нәтижелері жоғары деп аталды. Түсіндіріңізші, бұл немен байланысты болып отыр? – Бұл, ең алдымен, біз көріп отырған – біз атқарған жұмыс шындығында да нақты нәтижелер беріп жатқандығына байланысты болып отыр. Бірнеше ғана мысал келтірейін. Біріншіден, кедендік шекаралардың ашылуы Одақтағы басқа елдердің нарықтарына тауарлардың жеткізілу уақытын едәуір қысқартты. Бұл өндірушілерге өнімдер экспортын анағұрлым арттыруға мүмкіндік берді. Мүше мемлекеттерде тіркелген көлік құралдарын кедендік декларациялаудың оңайлатылған тәртібінің ЕАЭО-да ойдағыдай іске асырылып жатқандығы да өзінің рөлін атқаруда. ЕАЭО Қырғызстанның сауда және агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамытуға қолайлы жағдай жасап отыр. ЕЭК деректері бойынша, 2016 жылғы қаңтар-маусым айларында 2015 жылдың сондай кезеңімен салыстырғанда Қырғыз Республикасында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 2,9 пайызға өсті. Халықтың көпшілік бөлігі, ең дұрысы, осы нәтижелерді кейінірек сезінетін болады. Әзірге оны тек экономистер, Еуразиялық басшылар мен кәсіпкерлер көріп отыр. Мен Қырғызстанның қатардағы азаматтары ЕАЭО-да интеграцияның оң әсерлерін сезініп отырған жоқ деген Сіздің тұжырымдамаңызбен толық келісе алмаймын. Жаңа шарттар Қырғызстаннан келетін еңбек мигранттарының құқықтық мәртебесін қағидаттық түрде өзгертті. Енді республика азаматтары жұмысқа орналасқанда басқа мүше мемлекеттердегі резиденттермен тең құқықтарға ие болады; жұмыс берушілермен келісім жасасқанда квоталар болмайды. Қосымша рұқсат құжаттарын алу керек емес. Мысалы, Ресейде республика азаматтарына орыс тілін білуіне, Ресей Федерациясының тарихы мен құқықтық құрылысы негіздерін білуіне емтихан тапсыру керек емес. Одақ елдеріне жұмыс істеуге келетін Қырғызстан азаматтары, елге кірген сәтінен бастап 30 күн ішінде мемлекеттік органдарда тіркелу міндетінен босатылатындығы да маңызды болып табылады. Оларға бар болғаны алдағы уақытта еңбек шартының қолданыс мерзіміне есепке тұрулары керек болады. Осылайша, бұрынғыдай, кезең сайын жұмысқа орналасқан елден кетіп отыруға және болу мерзімін ұзарту үшін қайта келіп жүрудің қажеттігі болмайды. Қазір, мысалы, Ресейде жұмыс істеп жүрген Қырғызстан азаматтары бірінші жұмыс күнінен бастап резиденттер секілді табыс салығын төлейді: 30 пайыздың орнына 13 пайыз. Олардың балалары Ресей заңнамасына сәйкес, мектепке дейінгі мекемелереге баруға және білім алуға құқылы болады. Қырғызстан таяу уақытта іске қосылатын интеграциялық жобалардан да жаңа экономикалық оң әсерлер көретін болады. Атап айтқанда, биыл ЕАЭО Кеден кодексін қабылдау жоспарланып отыр. Кәсіпкерлер бірыңғай қағидалар жинағына ие болады. Құжат бизнес ресурстарын едәуір үнемдейтін бірқатар жаңашылдықтарды бағамдап отыр: кедендік формалдықтар оңайлатылады, кедендік рәсімдерден өту уақыты қысқарады, шенеуніктермен қарым-қатынастар мейлінше азайтылады, демек жалпы алғанда бизнес-климат жақсара түседі. – Интеграция бойынша әріптестердің айтуынша, Қырғызстан олардың сенімдерін ақтады. Десек те, білдің елде көптеген проблемалар сақталып отыр. Скептиктердің пікірінше,  олар ЕАЭО қосылуымен байланысты болып отыр. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің  транзиті, тігін саласынан жұмыс күшінің кетуі, ЕАЭО мүше елдері өндірісі өнімдерінің озбырлығы. Сіздің пікіріңізше, бұл кезең қашанға дейін жалғаса алады? – Жалпы, скептиктермен дау айту – жақсылыққа жеткізе бермейді ғой. Проблемаларды айтар болсақ, олар Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елінде жетіп артылады. Оған қоса, бүкіл әлемде де сондай жағдай орын алуда. Бұл әлемдік экономикадағы процестер мен үрдістерге байланысты болып отыр. Бұл ретте ЕАЭО елдерінде 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында жекелеген макроэкономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы байқалды. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бірінші жартыжылдықта 2,7 пайызға ұлғайды, жүк айналымы 1,2 пайызға өсті. Өткен жылдың қорытындылары бойынша еңбек нарығы Одақ бойынша жұмыссыздық деңгейінің 5,7%-ға дейін төмендегендігімен сипатталды, бұл дегеніміз, ЕО көрсеткішіне қарағанда (9,4 %) өте жақсы әрі АҚШ (5,3 %) көрсеткішіне салыстырмалы түрде сәйкес келеді. Мәні бойынша, бұл интеграцияның Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі экономикалық дағдарысты жеңілдетуге, қолайсыз сыртқы конъюнктура мен әлемдік экономиканың сыртқы күйзелістерін жоюға  ықпал еткендегін білдіреді. – Қырғыз Республикасының Президенті мен оның командасы Еуразиялық интеграция шеңберінде Қырғызстанның дамуы үшін де, ЕАЭО-ның өзінің дамуына біздің елдің қосқан үлесі үшін де көп іс атқарды. ЕЭК-те Қырғызстаннан екі министр – кедендік ынтымақтастық жөніндегі, энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрлер өкілдік етеді. Айтыңызшы, бұл позициялар Қырғызстаннан ұсынылған министрлерге біздің еліміздің ұлттық экономикасындағы қандайда бір ерекшеліктерге қатысты бекітіліп беріліп отыр ма? – Еуразиялық экономикалық комиссияда негізгі лауазымдарға тағайындаулар үкіметтер ұсыныстары ескеріле отырып, елдер арасындағы келісім бойынша болады. Комиссияда Қырғызстаннан өкілдік етіп отырған министрлер мынадай негізгі позицияларда қызмет атқарады: Адамкул Жунусов энергетика және инфрақұрылым саласына, Мукай Кадыркулов кедендік ынтымақтастық саласына жетекшілік етеді. – Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуы кезеңінде ЕАЭО елдерінің өнімдер өндіру бойынша мамандану мәселесі талқыланды. Сарапшылар экономиканы біріздендіру емес, керісінше оның тар шеңберлі бағытталғандығы тиімді болады деп атап айтты. Мәселен, Қырғызстанға тігін өнеркәсібі мен туризмге бағдарлану ұсынылған болатын. Сіз қалай ойлайсыз, болашақ нарықтардың осылайша құрылуы қаншалықты шындыққа сәйкес келеді, өйткені ЕАЭО елдерінің экономикалық даму деңгейлері әртүрлі ғой? – Экономикалар шынымен де әртүрлі деңгейде, алайда бұл әрбір елде қандайда бір сала айрықша сәтті дамуына тіптен де кедергі болмайды. ЕАЭО-да тым болмаса география мен қолда бар ресурстар негізінде белгілі бір мамандану болмай қоймайды. Бірде-бір ел, тіпті ең үлкен әрі дамыған ел бірден барлық салаларда жоғары деңгейде бәсекеге қабілетті болып кете алмайды. Оның үстіне біріздендіру ісінің тиімділігі аз. Бүкіл одақтас елдерде бірдей өнімдер шығарылып жатса, өзара сауда көлемін қалай арттыруға болады? Бұл ретте негізгі тамақ өнімдерін ғана айтып отырған жоқпыз, – Одақтағы әрбір ел өзінің азық-түлік қауіпсіздігі туралы ойлайды ғой. ЕАЭО мемлекеттері, ең алдымен, көптеген қаржылық және материалдық шығындарды талап ететін анағұрлым озық инновациялық салаларды, цифрлық технологияларды дамытуда өзара бәсекелес болмауға тиіс. Міне осындай жерлерде күш-жігерімізді біріктіру анағұрлым орынды болады. Менің ойымша, Одақтағы басқа мүшелердің көмегімен әрбір елде үшінші елдердің тауарларымен және қызметтер көрсетуімен бәсекеге түсіп, жаһандық әлемдік нарықта өз тауашасын таба алатындай қазіргі заманғы күшті кластерлерді, салалар мен кәсіпорындарды құрған дұрыс болады.  – Тигран Суренович, Еуразиялық интеграцияны көбінесе КСРО қайта жандандыру талпынысы ретінде көреді. Одаққа мүше әрбір ел өзінің тәуелсіз тарыхының 25 жылы ішінде өзінің өзіндік жолын жүріп өтті әрі өз тұрмысын қалыптастырды. Дегенмен, экономикалық интеграциядан соң, осы елдердің біртұтас мемлекетке айналып кетуіне апарып соқтыратын саяси интеграциялану орын алмай ма? – Еуразиялық экономикалық одақ неоимпериялық жоба болып табылмайтындығын ұғынған өте маңызды. Мұның өзі қисынсыз да болар еді. Одақ елдерінің әрқайсысы кеңестен кейінгі кеңістікте өздерінің өзіндік жолын өтті деген тезис әрине күмән келтірмейтіні хақ. Солардың әрқайсысы Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болып қала отырып,  бұдан әрі де өзінің саяси жолымен жүре бермек. Сөз басқа емес, тек экономикалық интеграция туралы ғана болып отыр. – Кейбір ғалымдар, кезінде біртұтас Еуразиялық мемлекет құру жайлы жазған болатын. Осыған орай, сұрағымыз келгені: Сіз Еуразиялық интеграцияның келешегін әрі ондағы Қырғызстанның рөлін қалай пайымдайсыз? – Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы интеграцияланудың негізгі мәселелері 2015 жылғы қаңтардан бастап ЕАЭО туралы шартпен реттелуде. Бұл құжатта Одақтың басты үш мақсаты белгіленген: халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылату мүдделерінде мүше мемлекеттердің экономикаларын тұрақты дамыту үшін жағдайлар жасау; тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капиталдың және жұмыс күшінің бірыңғай нарығын қалыптастыру және дамыта түсу; ұлттық экономиканы жан-жақты жаңғырту, кооперациялау және оның бәсекеге қабілеттігін арттыру. 2019 жылға қарай ЕАЭО туралы шартқа сәйкес ортақ электр энергетикалық нарық, 2025 жылға қарай – газдың, мұнайдың және мұнай өнімдерінің ортақ нарығы іске қосылатын болады. Сонымен қатар 2025 жылы Еуразиялық кеңістікте ортақ қаржы нарығы құрылады. Одақтағы интеграция барлық бағытта нығайтылады. Және ондағы Қырғызстанның рөлін, сөзсіз, жоғары деп бағалауға болады. Бұл – тең құқылы, құрметті әріптестің рөлі. – Және соңғы сұрақ. Армения мен Қырғызстан 2016 жылы атап өтетін Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіне, осы Еуразиялық екі мемлекеттің халқына Сіз не тілеген болар едіңіз? – 25 жыл бұрын тек  Армения мен Қырғызстан ғана емес, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақтың басқа да мемлекеттері – Беларусь, Қазақстан да тәуелсіздікке қол жеткізді. Ресейдің өзі, мәні бойынша, мемлекеттік басымдықтары мен міндеттері түбегейлі өзгерген жаңа елге айналды. Біздің елдеріміздің әрқайсысы үшін тәуелсіздіктің ширек ғасыры – үлкен мейрам. Біздің керемет, еңбекқор, дарынды халықтарымызға шын ниетіммен одан әрі өркендеуді тілеймін!