Жаңалықтар

09.11.2016

Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Адамкул Жунусов «РУСАРМИНФО» сұрақтарына жауап берді және Арменияның Еуразиялық одақтың бірыңғай энергетикалық нарығына интеграциялану деңгейін бағалады

​​Арменияның ЕАЭО бірыңғай энергетикалық нарығына интеграциялану деңгейін қалай бағалайсыз? Дамудың қандай объективтік мүмкіндіктері бар? ​ Арменияның ЕАЭО бірыңғай энергетикалық нарығына интеграциялану деңгейін қалай бағалайсыз? Дамудың қандай объективтік мүмкіндіктері бар?  -Қазіргі кезде Еуразиялық кеңістікте бірыңғай энергетикалық нарық жоқ, бұл ретте тиісті тұжырымдамалар, бағдарламалар мен халықаралық шарттар негізінде энергетикалық ресурстардың ортақ нарықтарын кезең-кезеңмен қалыптастыру жүзеге асырылады. 2015 жылғы 8 мамырда ЕАЭО мүше мемлекеттердің басшылары ортақ электрэнергетикалық нарығын қалыптастырудың тұжырымдамасын, ал 2016 жылғы 31 мамырда ЕАЭО ортақ газ нарығын және мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастырудың тұжырымдамасын бекітті. Бұл Армения үшін де, мүше мемлекеттердің барлық шаруашылық субъектілері үшін де бәсекелестік ортаны қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, энергия ресурстарына бағалардың тұрақтануына және ұлттық экономикаларды сенімді түрде энергиямен жабдықтауға ықпал ететін болады. Энергия ресурстарының ортақ нарықтарының жұмыс істеуі жағдайында Армения компаниялары ЕАЭО басқа елдерінің  компанияларымен бірдей дәрежеде шаруашылық бизнесін жүргізудің кемсітушіліксіз мүмкіндіктеріне ие болады. Армения ішкі нарықта талап етілетін электр энергиясынан көп энергия өндіреді. Бұдан өзге қазір шығарылатын көлемді көбейтудің нақты мүмкіндіктері бар. Иранның ЕАЭО-мен сауда қарым-қатынастарына мүдделілігін ескере отырып, ЕЭК Иранмен ынтымақтастықты тереңдету шеңберінде көрші Иранға армян электр энергиясын экспорттау көлемін ұлғайту мүмкіндігін қарастыра ма? - Біздің ойымызша, электр энергиясы экспортының әлеуетін ЕАЭО шегінен тыс ұлғайту ЕАЭО ортақ электр энергиясы нарығын қалыптастыру нәтижесінің бірі болмақ. Алайда, бұл әлеует электр берудің мемлекетаралық желілерінің өткізу қабілетіне орай шектеулі. Оған қоса, Арменияның энергия жүйесінің ЕАЭО басқа елдерінің энергия жүйелерімен электрлік байланысының жоқтығына байланысты жағдай қиындап отыр. Бірақ, Армения-Грузия 400 киловольттық ЭБЖ салу аяқталғаннан кейін мұндай байланыс қамтамасыз етіліп, бұл Армения электр энергиясы компанияларына ЕАЭО ортақ электрэнергетикалық нарығының толыққанды қатысушысы болуға және интеграцияның, соның ішінде электр энергиясы транзиті мен экспорты саласындағы барлық әлеуетті мүмкіндігін іске асыруға септігін тигізеді. ​