Жаңалықтар

22.03.2024

ЕАЭО елдері стратегиялық салада ғылыми-техникалық ынтымақтастықты тереңдету жайында уағдаласты

Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіп блогының өкілдері Мәскеуде "Сирек және сирек жер металдары 2024" (СМ және СЖМ) ІІІ салалық конференциясына және "Мыс 2024" салалық конференциясына қатысты.

Конференция аясында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Африка және Азия өңірлерін қоса, үшінші елдермен ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды.

Қазақстанда аталған металдардың кен орындарын дамыту әлеуеті туралы баяндама (Kazakh INVEST шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі ұлттық қазақстандық компания баяндама жасады), соның ішінде республикадағы салалық жобаларды инвестициялау ерекшеліктері бөлігінде конференцияға қатысушылардың айрықша қызығушылығын тудырды.

Еларалық өзара іс-қимылды кеңейту үшін Қазақстанда СМ және СЖМ бойынша салалық қауымдастық құру ұсынылды.

Бұдан бөлек, экологиялық күн тәртібіне сәйкес келетін және қазірдің өзінде Оңтүстік Африкада ойдағыдай сынамадан өткен, СM және СЖM алудың әлемде теңдесі жоқ бірегей ресейлік технологиясы ұсынылды.

"Мыс 2024" салалық конференциясының түйінді материалдары Армениядағы, Қазақстандағы, Ресей мен Өзбекстандағы мыс өнеркәсібін дамыту ерекшеліктері туралы, сондай-ақ мысты жасыл технологияларда пайдалануға қатысты баяндамалар болды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар ЕАЭО-ның кооперациялық әлеуетін ескере отырып, саладағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі жұмысты жандандыру жайында уағдаласты.

Анықтама

"Сирек және сирек жер металдары" мен "Мыс" салалық конференциялары – қарымды өндіруші мен металлургиялық компаниялардың тәжірибе алмасуына, жаңа кен орындарын игеруге, ірі инвестициялық жобаларды талқылауға, сондай-ақ инновациялық технологияларды қолдана отырып, жұмыс істеп тұрған металлургиялық кәсіпорындардың тиімділігін арттыру мүмкіндігіне арналған кәсіби алаңдар.

Үстіміздегі жылғы іс-шараларға ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарының, салалық қауымдастықтарының және жетекші кәсіпорындарының өкілдері қатысты.