7 маусымда Минскіде өткен ТИБО-2022 халықаралық цифрлық форумынының жалпы сессиясында ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко «Интеграцияны практикалық іске асыру, оны дамыту мен тереңдету жаңа міндеттер қояды, оларды қазіргі заманғы цифрлық технологияларсыз шешу мүмкін емес. Ал техникалық реттеу осы міндеттерді шешудің аса маңызды құралдарының бірі болып табылады», — деп атап өтті.
Виктор Назаренко техникалық реттеудің дәл сәйкестендірілген объектілеріне қойылатын міндетті талаптардың толық жиынын қалыптастыру үшін қазіргі заманғы цифрлық ортаны құратын ЕАЭО шеңберіндегі цифрлық техникалық реттеудің жобасы туралы айтып берді.
«Жобаны іске асыру арқылы нарықтың барлық қатысушысы өнімді жобалау, өндіру және нарыққа шығару процестерін цифрландыруды қамтамасыз ету үшін цифрлық сервистерге қол жеткізеді. Ал жобаның басты нәтижесі өнеркәсіп үшін өнімді, соның ішінде өзекті міндетті талаптарға сай келетін өнім жасап және нарыққа шығаруды тездету үшін мүмкіндік беруі болады», — деп атап көрсетті ЕЭК министрі.
Сондай-ақ телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және техникалық қоғамдастықты қолдау жөніндегі өңірлік және қосалқы өңірлік жобалар, агроөнеркәсіптік кешенде үлкен деректерді пайдалану, ЕАЭО-ның экожүйелік жобаларын іске асыру, сондай-ақ Еуразияның интеграциялық жобаларының цифрлық өлшемінің мәселелері талқыланды.
Бұдан басқа, 6 маусымда ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко Белорус ұлттық техникалық университетінің студенттері мен оқытушылары үшін лекция өткізіп, онда ЕАЭО-дағы техникалық реттеудің бірыңғай жүйесінің негізгі аспектілерін ашып көрсетті және студенттердің сұрақтарына жауап берді.