Жаңалықтар

05.04.2023

ЕАЭО елдерінің цифрлық жобалары «EADF-2023» V Еуразиялық цифрлық форумында ұсынылатын болады

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде іске асырылатын цифрлық жобалар 18-21 сәуірде Минск қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның қолдауымен «ТИБО-2023» Телекоммуникациялар, ақпараттық және банктік технологиялар жөніндегі 29-шы Халықаралық мамандандырылған форум аясында өтетін «EADF-2023» V Еуразиялық цифрлық форумында ұсынылатын болады.

«EADFЕуразиялық цифрлық форумы «ТИБО» алаңындағы орталық халықаралық іс-шараға айналды. Форумға қатысушылар өздерінің қатысуымен жүзеге асырылатын цифрландыру саласындағы жобалардың таныстырылымымен корпоративтік және ұлттық стендтерді, цифрлық трансформацияға арналған өздерінің инновациялық әзірлемелері мен АТ-шешімдерін ұсынуға мүмкіндік алады», - деп атап өтті ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Варос Симонян.

«EADF-2023» форумы бірыңғай Еуразиялық цифрлық нарықтық кеңістікті кезең-кезеңімен қалыптастыруға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің цифрлық трансформациясының ұлттық стратегияларын үйлестіруге жәрдемдесуге арналған.

«EADF-2023» форумында цифрлық нарықтарды интеграциялау мен үйлестірудің халықаралық тәжірибесін, ЕАЭО ішкі нарықтарын цифрлық трансформациялаудың салалық аспектілерін, деректердің трансшекаралық айналымы жағдайындағы цифрлық тәуелсіздік мәселелерін және басқа да тақырыптарды талқылау жоспарлануда.

«Цифрлық Еуразия, электрондық өзара іс-қимыл мен интеграцияның даму нүктелері» пленарлық сессиясының жұмысына Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченко, Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Михаил Мясникович, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Григорий Логвинов, халықаралық ұйымдардың, бизнестің, ғылыми қоғамдастықтардың өкілдері, көшбасшылары қатысады.

Форумға тіркелу

Алдын ала бағдарлама