Жаңалықтар

19.05.2022 (Обновлено: 27.05.2022 10:24)

Тауарлардың шығарылуын растаудың оңайлатылған рәсімі ЕАЭО-ның еркін сауда бойынша әріптестеріне қолданылады

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі ЕАЭО еркін сауда туралы келісім жасасқан елдерден әкелінетін тауарлардың шығарылуын құжаттық растау рәсімін оңайлату туралы шешім қабылдады. Тарифтік преференциялар алу үшін тауарлардың шығарылуы туралы сертификаттардың көшірмесін пайдалану мүмкіндігі уақытша негізде қамтамасыз етілетін болады.

«Комиссия бұдан бұрын дамушы елдерден және неғұрлым төмен дамыған елдердің тауарларына қатысты процесті оңайлатты. Енді тауарлардың шығарылуы туралы құжаттардың көшірмесін пайдалану мүмкіндігі еркін сауда режимі бойынша әріптестерімізге берілетін болады», — деп түсіндірді ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.

Бұдан бұрын ол сыртқы қысымның ағымдағы жағдаятында бизнеске түсетін кез келген әкімшілік жүктемені азайту қажеттігін атап өткен еді. Бүгінгідей шешімнің қабылдануы экономикалық операторлардың өздерінің сыртқы сауда қызметін жүргізу кезінде тап болған қиындықтарын азайтуына мүмкіндік береді.

«Еуразиялық экономикалық одақтың әріптес елдерінің преференциялы импортының айтарлықтай бөлігін — дамушы және неғұрлым төмен дамыған елдермен жағдай сияқты — тамақ өнімдері құрайтынын тағы да атап көрсеткім келеді. Сол себепті Кеңес шешімі ЕАЭО мемлекеттерінің азық-түлік тұрақтылығына ықпал ететін болады», — деп атап көрсетті Андрей Слепнев.

Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта қолданылады.

Анықтама

ЕЭК Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 33 шешіміне сәйкес дамушы елдерден және неғұрлым төмен дамыған елдерден әкелінетін тауарлардың шығарылуын құжаттық растау рәсімі оңайлатылды