Жаңалықтар

02.02.2022 (Обновлено: 17.02.2022 17:56)

ЕАЭО-ның төтенше жағдайлардан қорғау өніміне арналған техрегламентіне өтпелі ережелер белгіленді

Еуразиялық экономикалық одақтың «Азаматтық қорғаныс және табиғи әрі техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатына арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 050/2021) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 100 шешімімен қабылданды және 2023 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енеді.

Өтпелі ережелер жаңа талаптарға біртіндеп бейімделуге және сәйкестікті бағалау туралы бірыңғай құжаттарға көшуге мүмкіндік береді.

Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін өнім өндіруге және оны техрегламент күшіне енгенге дейін берілген сәйкестікті бағалау туралы ұлттық құжаттар бойынша не, егер ұлттық деңгейде мұндай рәсім көзделмесе, сәйкестікті бағалау туралы құжаттарсыз айналысқа шығаруға болады.

Бұл ретте өтпелі ережелерге сәйкес шығарылған өнімнің айналысына оның қызметінің бүкіл мерзімі ішінде жол беріледі.