Жаңалықтар

06.12.2023

Еуразиялық көлік дәліздерін дамыту жоспары бекітілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық көлік дәліздерін дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарын бекітті. Құжат 10 іс-шараны кірістіреді және "бестік" елдері мен Комиссияның көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмысының іс жүзінде барлық қырын қамтитын ЕАЭО көлік саясатының түйінді ережелерін іске асыруға бағытталған.

"Бұл біздің елдеріміз үшін өте маңызды құжат. Ол ЕАЭО-ның бірыңғай көлік кеңістігін одан әрі қалыптастыру, "бестік" елдерінің көлік жүйелерін әлемдік көлік жүйесіне интеграциялау, Одақ шеңберінде транзиттік әлеуетті іске асыру және дамыту үшін қажет", – деп атап өтті ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев.

Кешенді жоспарды әзірлеу 2021 жылғы 26 қазанда Алқа Өкімімен тізбесі бекітілген Еуразиялық көлік дәліздерін құру және дамыту жөніндегі жұмыстың қисынды жалғасы болды. Құжат ЕАЭО елдерінің 2021-2023 жылдарға арналған үйлестірілген көлік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары мен кезеңдерін іске асыру жөніндегі жол картасына сәйкес дайындалды. 

Бұл арада сөз Еуразиялық көлік дәліздерін дамытудың нысаналы индикаторларын әзірлеу және осы маршруттардың паспортын дайындау, "осал жерлерді" анықтау және жою туралы болып отыр.

Құжатты әзірлеу кезінде Еуразиялық көлік дәліздерінің тізбесіне кіретін автожол, теміржол және порт инфрақұрылымын дамыту туралы ЕАЭО елдері бойынша ақпарат ескерілді. Алдағы уақытта оны тұрақты негізде өзектілендіру жоспарлануда, бұл жоспарда қатталған іс-шараларды іске асыру мониторингін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.