Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 14 қыркүйекте экспресс-жүктер ретінде алып өтетін коммерциялық тауарларды декларациялау кезінде пайдаланылатын экспресс-жүктерге арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін бекітті.
Құқық қолдану практикасында көбінесе тауарлар шығарылғанға дейін де, одан кейін де кедендік декларациядағы мәліметтерді өзгерту немесе толықтыру қажеттілігі туындап жатады. Экспресс-тасымалдаушы да, кеден органы да мұндай өзгерістердің бастамашысы бола алады.
"Бекітілген тәртіп экспресс-тасымалдаушының және кеден органдарының лауазымды адамдарының іс-қимылының нақты алгоритмін, кедендік құжатқа өзгерістер енгізу мерзімдері мен жағдайларын көздейді", — деп атап өтті ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Эльдар Алишеров.
Жоба Комиссияның кеден блогының экспресс-жүктерге кеден әкімшілігін жүргізу және осы мәселе бойынша қазіргі заманғы құқықтық базаны қалыптастыру жөнінде жүргізіп жатқан кешенді жұмысының қисынды жалғасы болып табылады.
Анықтама
Комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 142 "Тасымалдаушы тауарларға арналған декларацияны пайдалана отырып, экспресс-жүк ретінде жеткізетін тауарларды кедендік декларациялау туралы" шешімімен экспресс-жүктерге арналған тауарларға декларация толтыру нысаны мен тәртібі бекітілді және оны қолдану шарттары айқындалды.
Экспресс-жүктерге кеден әкімшілігін жүргізуді жетілдіру жөніндегі жұмыс Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитет жанындағы бейінді жұмыс тобының шеңберінде мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.