Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Кеден одағының «Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптары» техникалық регламентіне енгізілетін № 2 өзгертулерді қолданысқа енгізу тәртібін бекітті (КО ТР 029/2012). Бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өнеркәсібі мен бизнесінің осы өнімге қатысты белгіленген жаңа талаптарға кезең-кезеңімен көшуі үшін қажет.
КО ТР 029/2012 енгізілген № 2 өзгертулер Комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 84 шешімімен қабылданды және 2024 жылғы 27 ақпанда күшіне енеді.
Шешімде өзгерістер күшіне енгенге дейін ресімделген өнімнің (тағамдық қоспалардың, оның ішінде кешенді, хош иістендіргіштердің, технологиялық қосалқы құралдардың, сондай-ақ олардың құрамындағы тамақ өнімдерінің) сәйкестігін бағалау туралы құжаттардың қолданылуы, сондай-ақ осындай өнімді өндіру және айналымға шығару үшін 36 ай өтпелі кезең көзделген.
Өзгерістерді қолданысқа енгізу тәртібі өзгерістер күшіне енген күннен бастап тағам қоспалары, хош иістендіргіштер және технологиялық қосалқы құралдардың қалдық мөлшері бар тамақ өнімдерін өндіру және айналысқа шығару, өзгертулер күшіне енгізілген күнге дейін және 36 ай қолданыста болған осындай тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштер мен технологиялық қосалқы құралдардың сәйкестігін бағалау туралы құжаттар болған кезде рұқсат етілетіні туралы норманы қамтиды. Сонымен қатар тағамдық қоспаларды, хош иістендіргіштерді, технологиялық қосалқы құралдарды және оларды қолдана отырып дайындалған тамақ өнімдерін таңбалау үшін 36 ай өтпелі кезең қарастырылған.