Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы «Азаматтық қорғанысқа және табиғи әрі техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауға арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке қатысты өнімдердің тізбесін бекітті.
Тізбе бірінші рет бекітілді және техникалық регламент қолданылатын барлық өнімді кірістіреді. Ол техникалық регламент талаптарын іске асыруға ықпал етеді.
Құжат кеден органдарының Одақтың кедендік аумағына өнімді әкелу кезінде техникалық реттеу шараларының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға арналған.