Жаңалықтар

18.03.2022 (Обновлено: 30.03.2022 15:01)

ЕАЭО-да жеке тұлғаларға арналған жіберілімдердің бажсыз әкелімінің шегі 1000 еуроға дейін арттырылды

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі тасымалдаушылар таситын немесе пошта жөнелтілімдеріндегі жеке тұлғаларға арналған тауарлардың бажсыз әкелімінің шегін 1000 еуроға дейін көтеруге шешім қабылдады.

Шек уақытша негізде - 2022 жылғы 1 қазанға дейін арттырылған. Егер жіберілімнің құны бұл сомадан артып кеткен жағдайда немесе оның салмағы 31 кг асса, тапсырыс құнынан 15% мөлшерінде баж төленеді, бірақ 1 кг үшін кем дегенде 2 еуро.

Бұл шетелдік интернет-дүкендерде жеке пайдалануы үшін тауарларға тапсырыс беретін азаматтарды қолдауға және тауар тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда жеке пайдалану үшін тауарлар әкелудің бажсыз шегі 200 еуро құрайды.

Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді