Жаңалықтар

30.11.2023

ЕАЭО-да интеграциялық процестердің мүше мемлекеттердің экономикасына тигізетін әсерін бағалау әдістемесі қабылданды

30 қарашада Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында интеграциялық процестердің Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің экономикасына әсерін бағалау әдістемесі бекітілді.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осындай әдістеме жасауды ұсынған болатын. Бастама 2025-Стратегиясына қосылды.

Әдістеме негізіне Комиссияда әзірленген ЕАЭО-ның «шығындар-шығару» еларалық кестелер жүйесінің құралдары кірді. Әдістеме қабылданған интеграциялық шаралар есебінен қалыптастырылатын осы көрсеткіштердің интеграциялық құрамдас бөлігін ескере отырып, тауарлардың өзара саудасы, қызметтерді өзара сату және еңбек көші-қоны бойынша Одақтың әрбір елінің ЖІӨ салымдарын сандық бағалауға мүмкіндік береді.

Комиссия РҒА Халық-шаруашылық болжау институтымен бірлесіп, 2016, 2020, 2021 және 2022 жылдардағы интеграция әсерлерін есептеді.

«Интеграциялық процестердің ЕАЭО мемлекеттеріндегі экономикалық белсенділіктің өсуіне ықпал етуінің әсері айтарлықтай, және 2016 және 2022 жылдарға жасалған есептеулердің негізінде оның өсіп жатқанын көріп отырмыз. ЖІӨ-нің өсуіне интеграцияның ең үлкен үлесі –Беларуста, айтарлықтай көрсеткіштер – Қырғызстан мен Арменияда. Қазақстан мен Ресейде нәтиже салыстырмалы түрде төмендеу, бірақ абсолютті түрде олар кем емес. ЕАЭО бойынша орта есеппен 2022 жылы интеграция үлесі ЖІӨ-нің 1,43% -мен бағаланады», — деп атап өтті ЕЭК Интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев.



Анықтама

ЕЭК Федералдық зияткерлік меншік қызметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 2021620900 зияткерлік қызмет нәтижесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес ЕАЭО-ның «шығындар-шығару» еларалық кестелер жүйесінің құқық иесі болып табылады.