15 қарашада «Интеграция» Еуразиялық іскерлік форумы шеңберіндегі арнайы секция отырысында Еуразиялық "Цифрлық техникалық реттеу» жобасын іске асырудың алдын ала нәтижелері ұсынылды. Іс-шара кең қызығушылық тудырды: диалог алаңында әзірлеушілер, реттеушілер және бизнес-қоғамдастық өкілдері пікір алмасты.
"Халықаралық сауда және интеграция" ЖШҚ бас директоры, "Одақ шеңберіндегі цифрлық техникалық реттеу" жобасы консорциумының басшысы Владимир Саламатов өз сөзінде техникалық реттеу саласында цифрлық трансформацияны жүзеге асыру және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде оны жүзеге асырудың бірыңғай тәсілдемелері мен қағидаларын қалыптастыру жөніндегі келісілген шаралар кешенін іске асыру қажеттігін атап өтті.
ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры Тимур Нұрашев өзінің кіріспе сөзінде жобаның күрделілігін, ауқымдылығын, консорциум алдына қойылған міндеттердің еңбекті қажетсінетінін атап өтті. Пайдаланушыға Одақ шеңберінде белгіленген өнім талаптары туралы деректердің толық жиынтығын ұсыну үшін жоба қатысушылар арасындағы қатынастардың қазіргі бар моделіне кірігуге, барлық мүдделі тұлғаның өзара іс-қимылын тереңдетіп, тиімділігін арттыруға тиіс.
"Осы жоба шеңберінде біз сіздермен өнімге қойылатын бірыңғай міндетті талаптарды қалыптастыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету бөлігінде Одақ құқығымен бекітілген өзара қатынастар мен рәсімдердің жаңа экожүйесін құрамыз. Осы іс-шара арқылы біз нарықтың қатысушыларымен жобаны іске асыруды талқылауды бастаймыз, ол кез келген мүдделі адамға жоба бойынша жұмысқа қатысуға және оның барлық "асүйін" ішкі жағынан көруге мүмкіндік береді. Біз әртүрлі елде осындай бірнеше іс-шара өткіземіз, ал қажет болса, осы мәселелерді талқылау үшін тұрақты жұмыс істейтін диалог алаңын құрамыз", – деп атап көрсетті Тимур Нұрашев.Беларусь Республикасының Стандарттау жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Александр Бурак цифрлық жобаны іске асырудың жекелеген фактілері туралы айтты. Өз сөзінде ол жобаның нарықтың барлық қатысушысына, тұтынушыларға дейін тигізетін оң әсерін атап қана қоймай, сонымен қатар белгілі бір тәуекелдерді белгілеп көрсетті, оларды азайту үшін қазірдің өзінде тиісті шоғырландырылған шешімдер қабылдау қажеттігін атап өтті.
"Ресей стандарттау институты" ФМБМ бас директоры Денис Миронов, "Бірыңғай терезе" МК бас директоры Азамат Усенбаев, РӨКО Өнеркәсіптік саясат және техникалық реттеу комитеті тең төрағасының орынбасары Андрей Лоцманов, "Халықаралық сауда және интеграция" ЖШҚ техникалық директоры Дмитрий Дробышев,"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ департаментінің директоры Аслан Абдраимов, "Ұлттық аккредиттеу институты" ФАМ ақпараттық жүйелерді әдіснамалық сүйемелдеу бөлімінің бастығы Мария Олигер техникалық реттеу саласындағы цифрлық трансформацияның түрлі мәселелері бойынша пікірлерімен бөлісті.
Қатысушылар цифрлық трансформацияның ЦТР жобасының ағымдағы мәртебесінен, цифрлық экожүйе сервистерін іске асыруға орайлас тәсілдемелерден және сырт тарап сервистерін қосу қағидаттарынан бастап, өндірісті цифрландырудағы стандарттаудың рөлін талқылауға, стандарттарды тарату жүйесін құруға және стандарттау мен техникалық реттеудің цифрлық трансформациясына орайлас тәсілдемелерге, ЦТР жүйесімен өзара іс-қимылды ескере отырып, сәйкестікті растау тиімділігін бағалауға орайлас қағидаттар мен тәсілдемелерге дейінгі әртүрлі аспектілері бойынша тақырыптардың кең ауқымын қарады.
Секцияға қатысушылардың спикерлер таныстырылымына өте қызығушылық көрсеткенін ескере отырып, аталған материалдар ашық қолжеткізу мүмкіндігімен орналастырылды. Бұлармен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://eec.eaeunion.org/upload/medialibrary/053/Materialy-sektsii-TSTR-k-Forumu.zip