ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев Комиссияның Одақ мемлекеттерімен бірлесіп үш жыл бойы ЕАЭО-ны дамыту және қолдау институтын құру бөлігінде жұмыс жүргізіп келе жатқанын еске салып өтті. Осы уақыт ішінде ынтымақтастықты ұйымдастыру нысанының әртүрлі, соның ішінде жаңа даму қорын құру, ЕАДБ мен ЕТДҚ мандатын кеңейту нұсқалары қаралды, бірақ ұсыныстардың көпшілігімен тараптар бірауыздан келіскен жоқ.
Сергей Глазьев атап көрсеткендей, өңірлердің қуып жетуші даму міндеттерін шешу үшін Ресей Федерациясының Президенті жанындағы жобалық офис — Стратегиялық бастамалар агенттігінің (СБА) атқарымдарын пайдалануға болады.
«Біз жаңа институт құруды емес, жұмысты ұлттық агенттіктердің консорциумы негізінде жүргізуді ұсынамыз. Стратегиялық бастамалар агенттігі жүйелік әдіснама жасады, оны ЕАЭО шеңберінде инвестициялық климатты жетілдіру, кадрлар даярлау және әлеуметтік саланы дамыту саласындағы таңдаулы практикалармен алмастыру үшін қолдануға болады», — деп мәлімдеді Сергей Глазьев.Ол қазіргі таңда ұлттық стратегиялық жоспарлау агенттіктері Одақтың төрт мемлекетінде: Арменияда, Қазақстанда, Қырғызстанда және Ресейде құрылып, жұмыс істейтінін қоса айтып өтті.
«СБА бүгінгі таңда ЕАЭО және ТМД елдерінің дамуында түйінді болып табылатын бағыттар бойынша ұлттық агенттіктер арасындағы өзара іс-қимыл үшін ұсынылған консорциум шеңберінде стратегиялық әріптес ретінде бой көрсетуге, жобалардың бірлескен қоржынын қалыптастыруға және оларды іске асырумен айналысуға дайын», — деп атап өтті СБА бас директоры Светлана Чупшева.Ол СБА-ның бүгінгі таңдағы жұмысының негізгі бағыттары: орташа мерзімді және ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық жобалау, Ресей өңірлерінде қолайлы инвестициялық климат жасау, әртүрлі жас үшін өзекті құзыреттер бойынша кадрлар даярлау, технологиялық жобаларды қолдау туралы да айқындап айтты.Светлана Чупшева СБА-ның Еуразиялық кеңістіктегі стратегиялық жоспарлау мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықта тәжірибесі бар екенін, оны ЕАЭО шеңберінде пайдалану мүмкіндігін атап өтті.
ЕАЭО-ны дамыту және қолдау институтын құру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау жөніндегі жұмыс тобы ЕЭК Кеңесінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы №33 тапсырмасына сәйкес Комиссия Алқасының 2020 жылғы 30 маусымдағы №86 өкімімен құрылды.
2018 жылы ЕАЭО-ны дамыту және қолдау институтын құру мәселесіне Қырғыз Республикасы бастамашы болды. Тұжырымдамалық тұрғыда ол, бірлескен нысаналы бағдарламаларды іске асыру, экономикалық даму деңгейі бойынша мүше мемлекеттерді теңестіру үшін алғышарттар жасау жөніндегі ережелер мен басқа шараларды қоса, ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық процестерді одан әрі дамыту декларациясында және Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарында көрсетілген.