Жаңалықтар

28.09.2023

ЕАЭО-да белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі техрегламенттер мен тәсілдемелер, санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық бақылау шаралары жетілдіріледі.

Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренконың төрағалық етуімен өткен Техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың "Балықтың және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техрегламентіне № 1 өзгерістердің жобасы жекелеген талаптарды нақтылау бөлігінде жария талқылауға жіберу үшін мақұлданды.


Еуразиялық экономикалық комиссия Комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 44 шешімімен бекітілген сәйкестікті бағалаудың типтік схемаларының ережелерін техникалық регламенттерге сәйкестікті бағалаудың нысандары мен рәсімдері бөлігінде жүйелі негізде имплементациялауды жүзеге асырады. Осы мақсатта сәйкестікті бағалаудың типтік схемалары ескеріле отырып дайындалған Кеден одағының "Лифтілер қауіпсіздігі" және "Темекі өнімдеріне арналған техникалық регламент" техрегламенттеріне, сондай-ақ қосымша талқылауды ескере отырып, "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентке өзгерістер жобалары жария талқылауға жіберу үшін мақұлданды.

Тамақ өнімдеріне арналған техрегламентке өзгерістерді талқылау барысында сәйкестікті бағалау нысаны ретінде ветеринариялық-санитариялық сараптама туралы ережелерді ЕАЭО құқығына сәйкес келтіру және аккредиттелмеген сынақ зертханаларының жұмыс қағидаларын белгілеу талқылаудың негізгі нысанасы болды.

Отырысқа қатысушылар ЕЭК Алқасының отырысында қарау үшін құжаттың жекелеген ережелерін, соның ішінде өсімдік майларын тасымалдауға және май өнімдеріндегі май қышқылдарының глицидил эфирлерін нормалауға қатысты ережелерді нақтылау бөлігінде Одақтың "Май өнімдеріне арналған техникалық регламентіне " № 2 өзгерістер жобасын да мақұлдады. Сондай-ақ Одақтың "Сүттің және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техрегламентінің талаптарына сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімдер тізбесінің жобасы мақұлданды, оған қатысты кедендік рәсімдерге орналастырған кезде техникалық реттеу шараларының сақталуы расталады және Одақтың "Құс етінің және оны қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техрегламентіне орайлас мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарлама жобасы мақұлданды.

Одақтың бұрын қабылданған "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техрегламентінің күшіне енуін қамтамасыз ету үшін оның бірқатар ережесін түзететін көрсетілген құжатқа өзгерістер жобасы және ЕЭК Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақтың химиялық заттар мен қоспалар тізілімін қалыптастыру және жүргізу, жаңа химиялық заттарды нотификациялау туралы" шешімінің жобасы ЕЭК Алқасының отырысында қарау үшін мақұлданды.

ЕЭК Алқасының отырысына жіберу үшін Комиссияның ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімге қатысты басқа мүше мемлекеттің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы қабылдаған шаралардың негізділігі туралы Одаққа мүше мемлекеттің өтінішін қарау тәртібінің жобасы қосымша кеңес өткізе отырып қаралып, мақұлданды.

Консультативтік комитет санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шаралар саласында ЕАЭО кедендік шекарасында карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру тәртібі туралы ережеге және ЕАЭО кедендік аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру тәртібі туралы ережеге өзгерістерді мақұлдап, оларды Комиссия Алқасының отырысында қарауды ұсынды.

Консультативтік комитет отырысының қорытындысы бойынша "Халықаралық және өңірлік стандарттарда, нұсқамалар мен ұсынымдарда қамтылған жануарлардан алынатын тамақ өнімдеріндегі ветеринариялық дәрілік заттардың қалдық мөлшерін бақылау тәсілдемелерін талдау" ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу мақұлданды. ҒЗЖ-ның мақсаты жануарлардан алынатын тамақ өнімдеріндегі ветеринариялық дәрілік заттардың қалдық мөлшерін тиімді бақылауды қамтамасыз ету үшін тәуекелді бағалауды ескере отырып, пайдаланылатын тәсілдемелерді, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдау болып табылады. Сайып келгенде, мұның нәтижесі - Одақ халқының өмірі мен денсаулығы үшін жануарлардан алынатын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері ЕАЭО актілерінде қаралатын өнімге қойылатын талаптарды белгілеу кезінде пайдаланылатын болады.

Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының ұсыныстары бойынша Консультативтік комитет ЕАЭО техникалық регламенттері талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау (қадағалау) саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі кіші комитеттің өзектілендірілген құрамын бекітті. Бұл ретте Одақтың техрегламенттері талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау (қадағалау) туралы ұсыныстарды әзірлеу бойынша оның тиімділігін арттыру үшін Кіші комитет туралы ережені қайта қарау жөнінде шешім қабылданды.