Жаңалықтар

05.04.2022 (Обновлено: 19.04.2022 17:13)

ЕАЭО-да техникалық регламенттер, санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар жетілдіріледі

31 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренконың төрағалық етуімен өткен Техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында «Лак-бояу материалдарының қауіпсіздігі туралы», «Жеңіл рельсті көліктің, трамвайлардың қауіпсіздігі туралы» техрегламенттердің жобасы ЕЭК Алқасының отырысында қарау үшін тұтастай мақұлданды. «Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы», «Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру құралдарына қойылатын талаптар туралы», «Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы» техрегламенттеріне өзгерістер жария талқылауға жіберілді.

Сәйкестік сертификаттарын және сәйкестік туралы декларацияларды бірыңғай нысанда бере отырып міндетті растауға жатқызылған өнімдердің бірыңғай тізбесіне өзгерістер қолдау тапты.

Отырысқа қатысушылар ЕЭК Алқасында қарау үшін «Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы», «Лифтілер қауіпсіздігі», «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттерінің стандарттар тізбесіне өзектендірілген редакциялар мен өзгерістерді, сондай-ақ «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техрегламентке мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламаға өзгерістер жобасын және оған қатысты кедендік декларацияны беру Еуразиялық экономикалық одақтың «Сұйытылған көмірсутек газдарын отын ретінде пайдалану үшін оларға қойылатын талаптар» техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 036/2016) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді) ұсынумен сүйемелденетін өнім тізбесінің жобасын мақұлдады. 

Санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану саласындағы бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, ЕЭК Алқасында қарау үшін Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жатқызылған өнімдерге қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға малдан алынатын тамақ өнімінде ветеринариялық дәрілік заттардың (антипротозойлық) қалған санының барынша жол берілетін деңгейін белгілеу бөлігіндегі өзгерістер мақұлданды.

Консультативтік комитет мүшелері Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жатқызылған тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың 45-тарауына өзгерістерді қолдады.