Тәуекелді бағалау механизмін қолдану есебінен Одақ аумағына әкелінетін ветеринариялық бақылауға жатқызылған тауарларды тексеріп қарау саны азайтылды. ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелінетін бақылауға жатқызылған тауарларға үшінші елдің құзыретті органы берген ветеринариялық сертификат туралы алдын ала хабарлама беру механизмі қолданылады. Мұның бәрі ЕАЭО-да ветеринариялық бақылау (қадағалау) рәсімдерін оңайлатуға алып келеді.