18-19 қарашадағы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында ЕАЭО мемлекеттерінің металлургия кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөнінде 2021-2024 жылдарға арналған жоспар қабылданды.
Құжат ұлттық деңгейде сынықтарды жинау мен дайындауды ынталандыруға бағытталған іс-шараларды іске асырудан бастап логистиканы оңтайландыру, металл сынықтарын қайта өңдеудің инновациялық (экологиялық таза және энергия үнемдейтін) технологияларын ендіруге дейінгі бірқатар жүйелі шараларды қамтиды.
«Металлургия кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету біздің барлық ел үшін өте сезімтал мәселе болып табылады — бүгінгі таңда ЕАЭО-да болаттың 1/3-іне жуығы сынықтарды пайдаланып өндіріле бастады. Комиссия біздің елдеріміздің бейінді ведомстволарымен бірлесіп Одақтың ортақ металл сынықтары нырығындағы қалыптасқан жағдаятқа кешенді талдау жүргізді.Бұдан біз жасаған негізгі тұжырым — ЕАЭО-да іс жүзінде металл сынықтарының тапшылығы жоқ, яғни сынықтардың қоры жеткілікті, тек оның тиімді жиналуы мен логистикасын ұйымдастыру қажет», — деп атап көрсетті ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян.
ЕЭК министрінің сөзінше, сынықтарды пайдалана отырып металл өндіру көмір қышқыл газының шығарындыларын елеулі қысқартуға мүмкіндік береді, сол себепті бекітілген жоспар қазір ЕЭК алаңында ЕАЭО шеңберіндегі жалпы тәсілдемелері қалыптастырылып жатқан ағымдағы жаһандық климаттық күн тәртібімен де үйлеседі.
«Жоспардың қабылдануы ЕАЭО-ның ішкі нарығында ұзақ мерзімді негіздегі жетекші салалардың бірі болып табылатын металлургия саласын шикізатпен қамтамасыз ету саласында кооперацияны дамыту үшін жағдайлар жасайды, сондай-ақ ішкі және сыртқы нарықтарда Еуразиялық металлургия кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады. Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бізге Одақ мемлекеттерінің металлургия кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету проблемасын кешенді шешуге мүмкіндік береді», — деп түйіндеді Артак Камалян.