22 қарашада ЕЭК бейінді блоктарының және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік органдарының өкілдері Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Микаел Беллуянның төрағалық етуімен өткен кеңес шеңберінде "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын дайындау барысын талқылады.
Микаел Беллуян салалық алаңдардағы Жоспар жобасын пысықтау бойынша ағымдағы жағдай және оны келісу кезінде туындайтын жекелеген мәселелер туралы айтып берді.
Одақ елдерінің өкілдері Комиссияның салалық алаңдарында атқарылған жұмыстың айтарлықтай көлемін, сондай-ақ Жоспар жобасының жекелеген бағыттарын келісу бойынша ілгерілеушілік бар екенін атап өтті.
Талқылау қорытындысы бойынша Жоспар жобасын дайындау жөніндегі бұдан арғы жұмыс алгоритмі келісілді.