Жаңалықтар

02.03.2023 (Обновлено: 03.03.2023 15:50)

ЕЭК-те әуе көлігі көрсететін қызметтердің ортақ нарығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тәсілдемелері талқыланды

1 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің көлік саласындағы уәкілетті органдары басшыларының азаматтық авиация мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарларымен әуе көлігі көрсететін қызметтердің ортақ нарығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тәсілдемелерін талқылады.

Кеңеске қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын іске асырудың 2021-2023 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен кезеңдерін іске асыру жөніндегі жол картасының әуе көлігі бөлігінде орындалуын қарады.

Кездесу барысында заңнаманы үндестіру, әділ де адал бәсекелестікті қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ Одақ шеңберінде әуе көлігі көрсететін қызметтердің ортақ нарығын құру мен жұмыс істеуі жөнінде халықаралық шарт әзірлеудің және жасасудың орындылығы сөз болды. ЕАЭО органдарының осы жылы қабылдау жоспарланғантиісті актілерінің жобалары қаралды.

Тараптар әуе көлігі көрсететін қызметтердің ортақ нарығын кезең-кезеңмен қалыптастыру жөнінде бірлескен күш-жігерді үйлестіруге дайын екендіктерін ластады.