Жаңалықтар

12.03.2025

ЕЭК-те ауыл шаруашылығын орнықты дамыту перспективалары талқыланды

12 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссияның алаңында ЕЭК Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Наира Карапетянның төрағалық етуімен "Жасыл көкжиектер: Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығының орнықты дамуы" тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болып өтті.

Іс-шараға қатысушылар ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылығында көміртегі салығын енгізудің салдарын талдау және модельдеу тәсілдемелерін, көміртегі ізін төмендетудегі жасыл ауыл шаруашылығының рөлін, органик-өндірушілердің еларалық кооперациясының перспективаларын, тыңайтқыштарды қолдану кезінде парниктік газдар эмиссиясын реттеуді және басқа да бірқатар мәселені талқылады.

Наира Карапетян өз сөзінде атап өткендей, қазіргі заманғы әлемде АӨК-тің орнықты дамуы өзекті бола түсуде, өйткені ауыл шаруашылығы табиғи ресурстарды пайдаланумен тікелей байланысты және қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етеді.

"ЕАЭО-дағы салдарды жеңілдету үшін келісілген іс-қимыл мен саланы ағымдағы шын-жәйтке бейімдеу негізінде ауыл шаруашылығы және азық-түлік жүйесінде өзгерістер қажет", — деп атап көрсетті ЕЭК Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры.
Дөңгелек үстелге Беларусь Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ресей сапа жүйесінің, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының, РФ Президенті жанындағы РХШжМҚА Қолданбалы экономикалық зерттеулер институтының, салалық бизнестің өкілдері қатысты.