26 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалянның төрағалығымен өткен АӨК жөніндегі консультативтік комитет отырысының қатысушылары Еуразиялық экономикалық одақтың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.
Атап айтқанда, келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіптік саясатын құқықтық қамтамасыз етуді, интеграциялық процестерді жүзеге асырудың экономикалық шарттарын сипаттайтын, 2018-2022 жылға арналған ЕАЭО мемлекеттерінің агроөнеркәсіптік кешені саласындағы мемлекеттік саясатқа шолу қаралды. Аталған құжатта, соңғы жылдар үшін өзекті болып саналатын Одақ нарығында бар кедергілер мен алып қоюларды, сондай-ақ ЕАЭО және мүше мемлекеттер деңгейінде енгізілетін ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түліктің әкетілуін шектеу шараларын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік айналысы мәселелері көрсетілген. Әлемдік аграрлық азық-түлік жүйесі аясында мүше мемлекеттер әлеуетінің бағасы, мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік саласындағы мемлекетаралық өзара іс-қимылдың келешегі зор бағыттары бойынша ұсыныстар да ұсынылды.
Тараптардың өкілдері ауыл шаруашылығы өнімдері және азық-түлікпен қамсыздану мәселесіне ерекше назар аударды. 2021 жылы жүргізілген мониторинг нәтижелеріне сәйкес, бұл көрсеткіш 91,6% құрады. Астық, өсімдік майлары және шошқа еті сияқты тауарлар бойынша, Одақ елдері халықтың сұранысын өзіндік өндіріс арқылы қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеуетке де ие болып табылады. Бұл ретте, жеміс-жидектер бойынша 48,1% мөлшерінде елеулі кемшілік сақталуда. Мониторинг нәтижелері мүдделі пайдаланушыларға Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі шеңберіндегі агроөнеркәсіптік кешен ішкі жүйесінде қолжетімді.
Бұдан басқа, отырысқа қатысушылар Комиссия Алқасының Шешімімен 2020 жылы бекітілген Өнімділіктің сүт бағытында ірі қара малдың тұқымдық құндылығын бағалау әдістемесіне өзгерістер енгізу мәселесін қолдады. Мәселе Жануарларды есепке алу жөніндегі халықаралық комитеттің (экстерьер, ұдайы өндіру қабілеті және желін саулығы жөніндегі) ұсыныстарын ескере отырып, оларды өлшеу және тұқымдық құндылығын бағалау процесін тәптіштеу тәртібін, өнімділіктің сүт бағытындағы ірі қара малдың селекцияланатын белгілері тізбесін кеңейту туралы болып отыр.
«Енгізілетін өзгерістер сүт пен сүт өнімдерін өндірудің экономикалық тиімділігіне неғұрлым көп әсер ететін белгілер бойынша жануарлардың тұқымдық құндылығын жан-жақты және толық көлемде анықтауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Артак Камалян.
Сонымен қатар, Консультативтік комитет мүшелері Одақ елдерінің топырақтың құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру саласындағы ынтымақтастығын дамыту жөніндегі пікірлерімен бөлісті. Мәселенің өзектілігі, ауыл шаруашылығы өндірісінің негізін құрайтын топырақ ресурстарына түсетін антропогендік жүктеменің артуына байланысты болып тұр. Атап айтқанда, ФАО-ның бағалауы бойынша, топырақ эрозиясы 2050 жылға қарай ауыл шаруашылығы дақылдары өндірісінің 10%-ға төмендеуіне әкелуі мүмкін, ал ауыл шаруашылығы жерлері топырағының ағымдағы тозу деңгейі 31%-ға бағалануда.