Жаңалықтар

07.10.2021

ЕЭК-те ЕАЭО елдерінің халықаралық стандарттауға белсенді қатысуының қажеттігі атап өтілді

Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері қазан айының бас кезінде болып өткен Халықаралық электр техникалық комиссиясы (ХЭК) 85-Бас ассамблеясының жұмысына қатысты.ХЭК-тің Сәйкестікті бағалау кеңесінің отырысында Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко Еуразиялық экономикалық одақтың нарығына өнімнің түсуіне рұқсат беру жүйесі туралы баяндама жасады.
«Комиссия мен ЕАЭО елдерінің жетекші халықаралық ұйымдармен стандарттау, метрология, аккредиттеу саласындағы ынтымақтастығының атқарымды тәжірибесі Одақта өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етудің неғұрлым тиімді механизмдерін ендіруге мүмкіндік береді»,- деп атап өтті ЕЭК министрі Виктор Назаренко.


Электр техникалық өнімге арналған ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын іске асыратын стандарттарды халықаралық және Еуропалық құжаттармен үндестіру деңгейі бүгінгі таңда 80%-дан асады. Ал электр магниттік сыйысымдылық саласында - 85%, төмен вольтті жабдық саласында - 98%, энергия тиімділігі саласында - 100% құрайды.

Министр бүгінде ЕАЭО-да жарылыс қаупі бар орталардағы жұмысқа арналған жабдықтар мен техникалық жағынан күрделі төмен вольтті жабдыққа қатысты тәсілдеме келісіліп жатқанын, соған сәйкес сертификаттаудың халықаралық жүйелерінде, соның ішінде ХЭК-те алынған сынау нәтижелерін қолдану мүмкіндігі белгіленетінін атап өтті.
Ол сондай-ақ ЕАЭО мемлекеттері үшінші елдермен өзара саудада техникалық тосқауылдарды жоюдың тәртібі мен шарттары туралы келісімге қол қою жайында уағдаластыққа қол жеткізгенін, мұның нақты құжаттарды әзірлеуді бағамдайтынын, реттелетін өнімнің келісілген тізбесін және сәйкестікті бағалау жөніндегі уәкілетті органдардың тізбесін қалыптастыруды қамтитынын, қызмет нәтижелері өзара танылатынын атап көрсетті.
«Бұл халықаралық шарт күшіне енгеннен кейін Одақтың бірыңғай нарықтағы өнімнің еркін айналысын қамтамасыз ететін негіз қалаушы құжаттарымен бір қатарда тұрады. Оны іске асыру Одаққа мүше мемлекеттер мен үшінші елдердегі әлеуетті әріптестер арасындағы тауар айналымының артуына ықпал етеді, сондай-ақ Одақ тауарлары үшін экспорттық мүмкіндіктерді арттыруға мүмкіндік береді»,- деп атап өтті Виктор Назаренко.

ЕЭК министрі техникалық реттеу саласында қабылданған және жаңа коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуына байланысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдаятқа орай сериялы шығарылған өнімді сертификаттау кезінде қолданылатын уақытша шаралар туралы да айтты.

Бұдан басқа, 2 қазанда ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко мен ХЭК бас хатшысы Филипп Мецгердің екіжақты кездесуі өтті, олар Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін ХЭК-тің стандарттау бағдарламаларын іске асыруды және өндірілетін тауарлардағы көміртек ізін азайтуды талқылады.

«Бүгінде елдер климатты сақтау мәселелері бойынша ұлттық бастамаларды белсенді іске асыруда. ЕАЭО-да климаттық күн тәртібі шеңберінде Еуразиялық «бестік» елдерінің позицияларын жақындату үшін жоғары деңгейдегі жұмыс тобын қалыптастыру туралы келісілген шешім қабылданды»,- деп атап өтті ЕЭК министрі.

Филипп Мецгер ХЭК-тің климаттың өзгеруіне қарсы күрес туралы Париж келісімінің көміртектің бейтараптығына қол жеткізуге көмектесетін таза, қауіпсіз және тиімді қазіргі заманғы энергетикалық жүйені қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметі туралы хабардар етті.

Сондай-ақ ХЭК-тің сәйкестікті бағалау жүйелерін практикалық қолдануға, соның ішінде бұл ұйымның мүшесі болып табылмайтын елдерге жәрдемдесу мүмкіндігі атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Комиссияның, ЕАЭО елдері мен ХЭК-тің ынтымақтастығын, атап айтқанда, ХЭК сертификаттау жүйелерінде алынған сынау нәтижелерін қолдану практикасын ендіруді сарапшылық сүйемелдеу мәселесі бойынша одан әрі тереңдету жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.