Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында Армения Республикасы Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру шеңберінде «бірыңғай терезе» ұлттық механизмі жобасының көрсетімін өткізді.
Іс-шараға ЕЭК-тің, кеден қызметтерінің, мемлекеттік билік органдарының және Еуразиялық экономикалық одақ елдері бизнесінің "бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерін дамыту жобасына тартылған өкілдері қатысты.
Армян ведомствосы "Армения Республикасының сыртқы саудасына арналған ұлттық бірыңғай терезе" цифрлық платформасының жұмысын көрсетті. Атап айтқанда, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, сондай-ақ кеден органдарының ішкі жүйесінің сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін рұқсат құжаттарын беру жөніндегі басқа мемлекеттік органдармен интеграциясы көрсетілді.
Комиссияның ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен бірлесіп Одақ елдерінде "бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерін құру тәсілдемелерімен таныстыру үшін осы жұмысты жүргізуінің маңыздылығы атап өтілді.
ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі «Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс- шаралар жоспары туралы» № 4 өкімімен 2025-Стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар, механизмдер мен іс-шаралар айқындалды.
Іс-шаралар жоспарының 9.4.-тармағы бөлігінде болашақта олардың үйлесімділігі мен деректер алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында «бірыңғай терезе» ұлттық механизмдерін ендіру бойынша пилоттық жобалардың көрсетіміне бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру айқындалған.