15 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті директорының орынбасары Григор Оганянның төрағалығымен Еуразиялық экономикалық одақта экспресс-жүктер мен халықаралық почта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік операцияларды жүргізу тәртібін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Кеңеске қатысушылар тауарларды алушы – жеке тұлға туралы мәліметтерді, сауда алаңының атауы туралы ақпаратты көрсетуге байланысты мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ, бизнесті жаңа ережелерге бейімдеу үшін осындай мәліметтерге қатысты өтпелі ережелерді белгілеу қажеттілігі талқыланды.
«Электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны толтыру тәртібі мен нысанына қатысты Комиссия шешімінің жобасын талқылау жалғастырылды. Шешім жобасының дайындалуы жоғары деңгейде. Жекелеген нақты мәселелерді талқылау қалды», – деп атап өтті Григор Оганян.
2023 жылғы 25 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте Одақтың Кеден кодексіне сыртқы электрондық сауданы реттеу бөлігінде өзгертулер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.
Экспресс-жүктер мен халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік операцияларды жасау тәртібін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы кедендік реттеу жөніндегі Консультативтік комитеттің жанынан құрылды және 2018 жылдан бастап жұмыс істейді.