Жұмыс тобының отырысына мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері, соның ішінде пошта операторлары мен экспресс-тасымалдаушылар қатысты.
2023 жылғы 25 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте Одақтың Кеден кодексіне сыртқы электрондық сауданы реттеу бөлігінде өзгертулер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.
Экспресс-жүктер мен халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік операцияларды жасау тәртібін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы кедендік реттеу жөніндегі Консультативтік комитеттің жанынан құрылды және 2018 жылдан бастап жұмыс істейді.