Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитеттің жанынан Экспресс-жүктер мен халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік операцияларды жасау тәртібін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы құрылды және 2018 жылдан бастап жұмыс істейді.
Экспресс-жүктерге арналған жолаушылар кедендік декларациясы және экспресс-жүктерге арналған тауарларға жасалатын декларация экспресс-жүктерді декларациялау кезінде пайдаланылатын жеңілдетілген кедендік декларациялар болып табылады.
Экспресс-жүк – халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жөнелтілетін тауарды қоспағанда, жеке жүкқұжатқа сәйкес осы тауарды алушыға дейін жеткізу мақсатында тасымалдауды ұйымдастырудың және қадағалаудың электрондық ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, кез келген түрдегі көлікпен жылдам тасымалдау шеңберінде тасымалданатын тауар.