Жаңалықтар

21.06.2022 (Обновлено: 04.07.2022 15:11)

ЕЭК-тің «Шекарасыз жұмыс» жобасында жаңа қолайлы сервистер пайда болады

Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелеріне ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі шеңберіндегі жобаларды іске асыру туралы баяндамасы ұсынылды.


Қазіргі заманғы жағдайда ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі жаңа технологиялық шешімдердің таралуына жәрдемдесуге, мүше мемлекеттердің үздік атқарымдарын жұмылдыруға арналған. ЕАЭО елдеріндегі «Ақпарат және байланыс» секторы 2021 жылы жиынтық ЖІӨ-нің 2,6%-ын қамтамасыз еттi.

Цифрлық күн тәртібі аясында Комиссия «Шекарасыз жұмыс» әмбебап іздеу жүйесімен жұмысты аяқтады, «Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі», «ЕАЭО-дағы цифрлық техникалық реттеу», «Цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесі сервистерінің жаймасөресі» жобаларын іске асыру жалғасуда.

2025-Стратегиясы шеңберінде Одақтың цифрлық күн тәртібінің жаңа:

- сауда, кооперациялық және логистикалық процестердің барлық түрлерінде пайдалануға бағдарланған Еуразиялық өнімнің өзара байланысқан электрондық каталогтар жүйесі;

- жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер үшін жаңа сервистердің пайда болуымен «Шекарасыз жұмыс» жобасын дамыту бастамалары қарастырылуда.