Жаңалықтар

27.05.2022 (Обновлено: 21.06.2022 10:46)

Еуразиялық экономикалық форум шеңберінде ЕАЭО-ның зергерлік саласын дамыту мәселелері талқыланды

Бішкектегі бірінші Еуразиялық экономикалық форумда «ЕАЭО-ның зергерлік күн тәртібі: нәтижелер, перспективалар, мүмкіндіктер» сессиясы шеңберінде жаһандық зергерлік нарықтың трендтерін ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың зергерлік саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

Қырғыз Республикасы Экономика және коммерция министрінің орынбасары Руслан Татиков зергерлік сала Одақтың маңызды салаларының бірі болып табылатынын атап өтті.

«ЕАЭО елдері — жыл сайын 400 тоннаға жуық құрайтын алтын өндіру жөнінде әлемдегі көшбасшылардың бірі. Бәрінен көп — 300 тоннаға жуық Ресейде өндіріледі, одан кейін 60-65 тоннаға жуық өндіретін Қазақстан келеді. Егер Қырғызстан туралы айтсақ, біз 20-25 тоннаға жуық өндіреміз», — деп нақтылады министрдің орынбасары.

Ол Қырғызстанның зергерлік сала проблемаларын шешуде белсенді позиция ұстанатынын атап өтті.

«Біз өткен жылы Кимбирлийск процесіне кірдік. Бұл бізге ЕАЭО шеңберінде әлемдік нарыққа шығудың үлкен мүмкіндігін береді... Бұл орайда бізде үлкен мүмкіндіктер бар және біз бірлескен күш-жігермен жұмыс істеуге дайынбыз», — деп толықтырды Руслан Татиков.

Ресей Федерациясы Қаржы министрлігінің Қымбат металдар мен асыл тастар саласын мемлекеттік реттеу департаментінің директоры Юлия Гончаренко цифрлық технологияларды ендірудің, соның ішінде «цифрларды» зергерлік салада дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Осыған байланысты ол Ресей тарапы белорустық әріптестерімен және ЕАДБ ЦБҚ-мен бірлесіп зергерлік бұйымдар саудасы бойынша электрондық цифрлық алаңдар құру бастамасын пысықтап жатқанын еске салып өтті.

«Біз интеграциялық процестердің перспективасын көріп отырмыз, бірақ бұл ортақ мүдделілік болуға тиіс, зергерлік нарықты құруға бірлесіп күш-жігер жұмсау қажет», — деді Юлия Гончаренко.

Ресей Федерациясы Федералдық сынамалау палатасының басшысы Юрий Зубарев ЕАЭО елдерінде өндірілген өнімді бұдан әрі таңба басу мен таңбалау үшін ол туралы ұлттық сынамалау палатасының растау механизмін пайдалануды ұсынды.

Беларусь Республикасы Қаржы министрлігінің Қымбат металдар мен асыл тастар бас басқармасының бастығы Иван Степаненко сессияға қатысушыларды елдегі зергерлік саладағы жұмыс туралы хабардар етті. Оның сөзінше, қазір Беларусьта зергерлік бұйымдарды таңбалау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда, ол Ресейдегі сияқты кезеңде басталды, онымен Беларусь ЕАЭО-дағы зергерлік бұйымдардың қозғалысы туралы уәкілетті органдардың ақпарат алуы үшін «ақпараттық жүйелерді интеграциялау жолдарын іздей» бастады.

«Біз онда контрафактілік өнімдер пайда бола алмауы үшін нарықтың осындай ашықтығына қол жеткізгіміз келеді», — деп атап көрсетті Иван Степаненко.

Еуразиялық даму банкі Цифрлық бастамалар қоры дирекциясының директоры Виктор Гриднев Еуразиялық кеңістіктегі зергерлік қауымдастықтардың өтініші бойынша зергерлік бұйымдарды үшінші елдерге экспорттауды ұйымдастыру тақырыбының белсенді пысықталуы туралы айтып берді.

«Қазір біз зергерлеріміздің бұйымдарын шет елдерге ілгерілетуге көмектесетін цифрлық шешімдерді қалыптастыруды белсенді түрде талқылаудамыз. Өнім бәсекеге қабілетті, оған сұраныс бар. Біздің міндетіміз — бұл экспортты ұйымдастыра алатын, сыртқы контурда лайықты түрде көрсете алатын және жұмыс істеп тұрған механизмді қамтамасыз ететін процестер жиынтығын түзу», — деп атап өтті Виктор Гриднев.

Еуразиялық зергерлік экспорттық бюро төрағасының міндетін атқарушы Гагик Мкртчян экономикалық санкциялар жағдайында Еуразиялық зергерлік экспорттық бюро алдындағы міндеттер біршама өзгеше бағытқа ие болатынын айтты.

Гагик Мкртчянның сөзінше, егер бұрын басты міндет АҚШ пен ЕО нарықтарына экспортты ұлғайтуға жәрдемдесу болса, қалыптасып отырған болмыс экспорттық нысаналы міндеттерді түзетуді талап етеді.

«Біз ЕАЭО кеңістігінде зергерлік бұйымдардың импортын алмастыру мәселелерінде айтарлықтай ілгерілей алдық. Біз бүгін бұрын импортталған нәрсені жасай аламыз және шетелдік әріптестерімізге қарағанда әлдеқайда жақсы жұмыс жасаймыз. Бұдан басқа, Қытай, БАӘ, Таяу Шығыс, Оңтүстік Шығыс Азия және т.б. нарықтары сияқты бұрын аталған экспорттық нысаналы нарықтарды алмастыру жүруде», — деп атап өтті Гагик Мкртчян.

«IlgizF» брендінің директоры, J-1 халықаралық зергерлік көрменің вице-президенті Дина Насырова саланың дамуына айтарлықтай ықпал ететін зергерлік сала мамандарын даярлау тақырыбын көтерді.

Ресей Федерациясы Федералдық кеден қызметі сауда шектеулері, валюталық және экспорттық бақылау басқармасының бастығы Сергей Шкляев зергерлік саласындағы кейбір рәсімдерді оңайлату үшін ҚМАТ-МИЖ жаңа мемлекеттік ақпараттық жүйесі іске қосылғаны туралы айтты.

 «Бұл кеден органдарына құжаттардың түпнұсқасын беру қажеттігіне байланысты шығындарды азайтады. Біз бүгінгі таңда цифрлық форматта жұмыс істеуге дайынбыз. Сіздердің міндеттеріңіз — бұл құжаттарды электрондық түрде орналастыруды және меморганнан алуды қамтамасыз ету. Әрі қарай біздің ақпараттық жүйеміз жұмыс істейді», — деп түйіндеді Сергей Шкляев.   

Панельдік сессияның модераторлары — Беларусь Республикасы Қаржы министрінің орынбасары Ольга Тарасевич, «Алтын» зергерлік холдингінің вице-президенті Антонина Бабосюк болды.

Анықтама

Еуразиялық экономикалық форум Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте, Еуразиялық үкіметаралық кеңесте және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінде төрағалық ететін Одақ мемлекеттерінде кезекпен өткізілетін, Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық саладағы жыл сайынғы іскерлік іс-шарасы болып табылады.

Форумға қатысу тегін. Еуразиялық экономикалық форумның бағдарламасымен ресми сайтта танысуға болады.

ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі