Конференцияның түйінді тақырыбы халықаралық сутек диалогын, соның ішінде ЕАЭО елдеріндегі ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты және құзыреттер трансферін дамыту болды.
"Комиссия Одақ елдерімен бірлесіп сутек энергетикасын дамытудың бірқатар бағыты бойынша жүйелі әрі ұзақ мерзімді жұмыстың бағдарларын белгіледі. Сөз сутек энергетикасы саласындағы озық шешімдер бойынша ғылыми-техникалық әзірлемелер саласында мүше мемлекеттердің жетекші ғылыми ұйымдарының кооперациясына жәрдемдесу, сутекті өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және қолдануға арналған жабдықты әзірлеу бөлігінде кооперациялық және технологиялық тізбектер құру туралы болып отыр. Сондай-ақ өнеркәсіптің, көліктің және энергетиканың түрлі салаларында сутек технологияларын қолдану жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыруға, сутек энергетикасының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жиынтықтауыштардың, дайын өнімнің импортты алмастыратын өндірістерін құруға жәрдемдесу маңызды",- деп хабарлады Николай Рогожник.
Николай Рогожник ЕЭК пен мүше мемлекеттердің бірлескен жұмысының практикалық нәтижелері туралы, соның ішінде контентті жедел жаңарту мүмкіндігімен Комиссия сайтына орналастырылатын ЕАЭО мемлекеттеріндегі сутек энергетикасы саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларының, жабдықтар мен жиынтықтауыштардың ашық каталогы дайындаған Одақ елдерінің әрқайсысының әлеуетін ескере отырып сутек энергетикасы саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша жалпы тәсілдемелерді қалыптастыру туралы айтты.
Анықтама
Сутек энергетикасы жөніндегі International Hydrogen Conference халықаралық конференциясы Еуразиялық экономикалық комиссияның, Ресей Федерациясының Энергетика министрлігінің және Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрлігінің қолдауымен 27 қазанда Мәскеуде боып өтті. Сутек энергетикасын дамыту перспективаларын талқылауға Одақ елдерінің уәкілетті мемлекеттік органдарының, салалық ұйымдардың, қауымдастықтардың, ғылым мен бизнестің өкілдері қатысты.