Өзара саудадағы экспорт көлемінің өсуі Одақтың барлық мемлекетінде тіркелді. Мейлінше көп өсім Қырғызстанда (55,2%) және Қазақстанда (42,5%) байқалды.
ЕАЭО-ның жалпы сыртқы сауда көлеміндегі өзара сауданың үлесі 14,8%-ға дейін (2020 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда өсім 0,6 п.п.) артты.
ЕАЭО-ның өзара сауда көлемі, ЕАЭО мемлекеттерінің өзара саудадағы үлес салмағы туралы ақпарат және ірілендірілген тауар топтары бойынша деректер Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаментінің ай сайынғы талдамалы шолуында ұсынылған.