Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика департаментінің директоры Вадим Закревский Минскідегі XXVII Белорус энергетикалық және экологиялық форумында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жаңғыртылатын энергия көздері (ЖЭК), энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және энергетикалық ресурстардың ортақ нарықтарын құру жөніндегі интеграциялық ынтымақтастықтың перспективаларын белгілеп көрсетті.
"ЖЭК саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер бар. ЕЭК әлеуетін іске қосу керек, ЕАЭО елдерінің осы саладағытәжірибесі мен атқарымдарын пайдалана отырып, оны бүкіл Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық дамуы жолындағы жұмысқа белсенді қосу қажет", - деп атап өтті Вадим Закревский.
Вадим Закревский сондай-ақ Беларусь Республикасы Энергетика министрінің орынбасары Денис Морозбен жұмыс кездесуін өткізді, онда Еуразиялық экономикалық одақтың энергетикалық нарықтарын қалыптастыру бойынша болып отырған келіспеушіліктер қаралды.
Бұдан басқа, ТМД Электр энергетикалық кеңесінің Атқарушы комитетінің төрағасы Тарас Купчиковпен жұмыс кездесуі өтті, онда өңірлік энергетикалық форумдар шеңберінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің энергетика саласындағы ынтымақтастығы бойынша бірлескен панельдік сессия не дөңгелек үстел өткізу мүмкіндігі талқыланды.