Бұл туралы III Еуразиялық экономикалық форум шеңберінде «ЕАЭО-дағы электрондық сауданы техникалық реттеу: электрондық алаңдардағы тауарлардың қауіпсіздігі» атты жалпы сессияға төрағалық еткен Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий мәлімдеді.
ЕЭК министрінің айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Комиссия сыртқы электрондық сауда тауарларының қауіпсіздігін реттеу тәсілдемелерін әзірлеуді жалғастыруда.
«Бұл оңай міндет емес. Бір жағынан, біз Одақ азаматтарын қауіпті өнімдерден қорғауды қамтамасыз етуіміз керек, екінші жағынан, енгізілген қауіпсіздікті реттеу механизмдері электрондық сауданың дамуын тоқтатпауы, Одақ нарығында тауарлар тапшылығын тудырмауы немесе тұтынушылық сұранысты төмендетпеуі тиіс,– деп атап өтті Валентин Татарицкий. – Нақ сондықтан үкіметтер басшыларының және ЕЭК Кеңесінің шешімдерімен Одақтың техрегламенттерінде белгіленген тауарлардың сәйкестігін бағалау рәсімдерінің толық кешенін жүргізу арқылы қауіпсіздікті міндетті түрде растай отырып, техникалық реттеудің «классикалық» шараларын қолдану емес, хабарлама жасау тәртібін қолдану арқылы электрондық тауарлардың қауіпсіздігін реттеудің «жұмсақ» тәсілдемесін сынақтан өткізу тіркелді».
ЕАЭО мемлекеттерінің техникалық және кедендік реттеу, стандарттау саласындағы уәкілетті органдарын білдіретін сессияға қатысушылар іскерлік қоғамдастықтар бейіндік тақырыптардың кең ауқымын талқылады.
Сыртқы электрондық сауда тауарларының қауіпсіздігін реттеу тәсілдерін, оның ішінде олардың қауіпсіздігін растаудың хабарлама тәртібін қолдану арқылы, бірақ өнімнің Одақ азаматтары үшін қауіпсіз болатынына кепілдік бере отырып модельдеуге бірнеше спикерлер баса назар аударды. Олардың қатарында Беларусь Республикасының стандарттау жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрайымы Елена Моргунова, Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің лицензиялау, бақылау-қадағалау қызметі, аккредиттеу және өзін-өзі реттеу саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары Наталья Савельева және екі ірі электрондық сауда алаңының өкілдері Рафаэль Абрамян («Вайлдберриз») және Алексей Минаев («Озон») бар.
«Эксперимент форматында хабарламалық тәртіпті ұлттық деңгейде іс жүзінде қолдану үшін Комиссия оны жүргізудің «уақытша тәртіп» деп аталатын жалпы тәсілдері мен механизмдерін бекітті, – деп атап өтті Валентин Татарицкий әріптестерінің сөздеріне түсініктеме бере отырып. – «Уақытша тәртіп» механизмдері, сондай-ақ тауарлардың хабарландыру тәртібімен сынақтан өткізілетін түрлері өзгертілуі мүмкін. Ұлттық деңгейде хабарландыру тәртібін сынақтан өткізу үшін тауарлардың өзге де түрлері және олардың қауіпсіздігін растау ерекшеліктері таңдалуы мүмкін, бұл үлкен тиімділікті көрсетер еді».
ЕЭК министрі айтқандай, өзге үлгілерді таңдау кезінде үшінші елдер қазірдің өзінде электрондық сауда тауарларының қауіпсіздігін реттеп отырғанын және өздері белгілеген қағидалар қазірдің өзінде ЕАЭО мемлекеттері үшін саудадағы техникалық кедергілер болып табылатынын негізге алу маңызды.
Федералдық кеден қызметі басшысының орынбасары Сергей Шкляев өз сөзін хабарландыру тәртібін қолдану бойынша кедендік әкімшілендіру аспектілеріне арнады.
«Кеден кодексіне енгізілген өзгерістермен электрондық сауда тауарларының екі санаты енгізілді. Жеке тұлғаларға өткізуге арналған тауарлар ретінде әкелу кезінде мәлімделетін тауарлар техникалық реттеу шараларының сақталуын растауға (сәйкестікті бағалау туралы құжаттың болуы) жатуы тиіс. Комиссия алаңында қазірдің өзінде жұмыс жүргізілуде және тауарлардың бұл санаты Өнімді әкелу тәртібіне енгізілуде, - деп атап өтті Валентин Татарицкий. - Жеке тұлғалар сатып алған тауарлар кеден қоймасының рәсіміне орналастырылмайды. Осы санатқа қатысты қауіпсіздікті растау үшін хабарламалық тәртіпті енгізу тәсілін қабылдау жоспарлануда. Оны қабылдаған және ЕАЭО туралы шартқа имплементациялаған жағдайда, әкелу кезінде осындай тауарларды әкімшілендіру қағидаларын әзірлеу қажет».
Росстандарт басшысы Антон Шалаев өз сөзінде электрондық сауданы қолдау және дамыту құралы ретінде стандарттарды әзірлеу қажеттілігіне назар аударды, олардың қолданылуы жосықсыз бәсекелестік көріністерінің алдын алуға, сапалы тұтыну тауарларын алуға, сондай-ақ оларды жеткізу қызметтерін ретке келтіруге ықпал етеді.
Сессияға қатысушылар Одақ туралы шартқа сыртқы электрондық сауда тауарларының қауіпсіздігін реттеу моделін енгізу үшін Комиссия ұсынатын шоғырландырылған ұстанымды әзірлеу қажеттігін атап өтті, бұл хабарламалық тәртіпті енгізумен қатар, Одақтың техрегламентінде белгіленген сәйкестікті бағалау рәсімдерінен өтуі тиіс сезімтал электрондық сауда тауарларының тізбесін айқындау мүмкіндігін көздейді.