Өзбекстан Республикасының бастамасымен Самарқандта 20-22 қарашада өтетін ШЫҰ-ға қатысушы елдердің тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ұйымдарының консультативтік кездесуінде тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері және Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының салалық өзара іс-қимылын тереңдету жолдары талқыланады.
Кездесуге қатысушыларға Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкий сәлемдесу лебізімен қайырылды. Ол Өзбекстанның Одақ жанындағы байқаушы мемлекет ретіндегі бастамасының маңыздылығын атап өтіп, ЕАЭО мемлекеттері мен ШЫҰ арасындағы өзара іс-қимылдың оң тәжірибесі мен дәстүрін атап көрсетті.
"Консультативтік кездесу тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жаһандық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Ол ЕАЭО елдері мен ШЫҰ-ның осы бағыттағы әлеуетін біріктіре отырып, халықаралық өзара іс-қимыл үшін жаңа перспективалар жасайды", – деп атап көрсетті ЕЭК министрі.
Кездесуді Өзбекстанның Тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамдарының федерациясы ШЫҰ Халықтық дипломатия орталығымен және Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп ұйымдастырды.
Кездесу барысында ЕЭК өкілдері ЕАЭО мемлекеттерінің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастығының тәжірибесін ұсынады, трансшекаралық дауларды шешуді және электрондық сауда мен туризмде тұтынушылар құқықтарын қорғауды қоса, өзекті мәселелерді талқылауға қатысады.
Іс-шара аясында ЕЭК және Өзбекстанның мемлекеттік органдары мен қоғамдық ұйымдары өкілдерінің осы жылғы қазан айында Ереванда қол қойылған Комиссия мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің 2024-2026 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыруға арналған кездесулері жоспарланған.