Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкий ЕЭК алаңында Беларусь Республикасының Стандарттау жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Елена Моргуновамен жұмыс кездесуін өткізді.
Тараптар өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде берілген зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер хаттамаларының бірыңғай тізілімдерін және ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы Хаттамада көзделген дайындаушылар уәкілеттік берген тұлғалардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлеуді талқылады.
Өнімге қойылатын талаптардың сақталуын қадағалау саласындағы Одақтың халықаралық шарттарын іске асыру, сондай-ақ 2025-Стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының бірқатар тармақтарын орындау үшін қажетті "екінші деңгейдегі" құжаттарды әзірлеудің проблемалық мәселелері қаралды.
"Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 018/2011) техникалық регламенттің талаптарын түзетуге және электрондық автопаспорттар жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге айрықша назар аударылды.
2021 жылғы сәуірде Комиссия Кеңесі бекіткен Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу және оларға өзгерістер енгізу жоспарын іске асыру талқыланды. Соның ішінде әзірлеушісі Беларусь Мемстандарты болып табылатын техникалық регламенттерге өзгерістер жобаларын дайындаудың барысы мен кезеңі қаралды.
Валентин Татарицкий ЕАЭО-ның басқа елдерінің техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдарының басшыларымен де осындай кездесулер өткізуді жоспарлап отыр. Бұл Одақ мемлекеттері үшін сезінерліктей әсері бар мәселелердің өзара қолайлы шешімін табуға көмектеседі.