Одақтың «Техникалық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі» техникалық регламентіне орайлас стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың «Техникалық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі» техникалық регламентіне (КО ТР 020/2011) орайлас стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізді.

Атап айтқанда, тізбелер мультимедиялық жабдықты электр магниттік үйлесімділікке қойылатын талаптармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін МемСТ CISPR 35-2019 өзектілендірілген мемлекетаралық стандартпен толықтырылды. Ол МемСТ EN 55020-2016 мемлекетаралық стандартын ауыстырады, бұған қатысты шешімде оны 2025 жылғы 1 шілдеге дейін қолданудың өтпелі кезеңі көзделген.

Сондай-ақ ЕЭК Алқасының шешімімен МемСТ EN 50557-2018 мемлекетаралық стандартының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 1 тамызға дейін шектелді.

Көрсетілген тізбеге өзгерістер Комиссия Алқасының шешімі ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.